Жарыңызға сыйлық жасаудың жақсы идеясы

Әйеліңіздің туған күніне не болмаса мерейтойына не сыйларыңызды білмей жүрсіз бе? Ер адамдар бұл істе үнемі қиыншылыққа душар болады. Егер жұбайыңыздың айтып жүргендерін мұқият тыңдап жүрсеңіз, оның не қалайтынын естуге болады. Мысалы, дүкеннің қасынан өтіп бара жатқанда ол: «Қандай әдемі ыдыс», деп айтады, міне, сыйлыққа беретін зат. Ал егер де ойыңызға ештеме келмейтін болса, онда келесі сыйлық идеяларын қолдануыңызға болады, мұны көптеген әйелдер жоғары бағалайтын болады:

1. Көкке шығу. Бірге көкке шығуды жоспарлаңыз, жұбайыңызды тамақ әзірлеуден босатып, барлық керек-жарақты, жейтін тамақты, отыратын алашаны, ойнайтын ойындарды және т.б. алыңыз.

2. Өз қолыңызбен жасаған ашық хат. Әдеттегі ашық хаттың орнына күшіңізді салып, ашық хатты өз қолыңызбен жасаңыз, сондай керемет болып шықпаса да, бастысы – жұбайыңыз үшін жұмсаған уақытыңыз бен ыждаһатыңыз бағаланады.

3. Жұбайыңызды ерекше бір жерге шақырыңыз, мысалы үшін, танысқан жерлеріңізге, үйлену тойларыңыз өткен жерге немесе ол үшін маңызды – балалық  шағы өткен жерге.

4. Оған арнап өлең шығарыңыз. Ұйқасы болмаса да, бастысы – шынайы әрі жүректен шыққанында.

5. Бірнәрсе дайындап беріңіз, мұндай сыйлық оны міндетті түрде таңқалдырады.

6. Кез-келген әйел жаңа киімді хош көреді: көйлек, белдемше, хижаб  – тамаша идея. Аксессуарларын да ұмытпаңыз, әдемі туфли немесе жаңа сөмке әркімді де қуантпай қоймайды.

7. Әшекейлер. Олардың қымбат болуы міндетті емес. Әдемі табиғи тастардан жасалған әшекейлерді қолайлы бағаға табуға болады.

8. Жаңа Құран немесе Құран қойғыш, өзгеше таспиық.

9. Ислам тақырыбына арналған бұйымдар: сурет, шамаиль, каллиграфия, шам және т.б.

10. Оның өзіне ғана арналып жасалған ішіне фото салатын, ал сырты нақышталған мойынтұмар.

11. Мейрамханада кешкі ас ішу. Ерекше жағдайларда ғана барып тұратындай, бір өзгеше мейрамхананы таңдаңыз да, жұбайыңызды кешкі ас жасаудан босатып, мейрамханаға апарып тосынсый жасаңыз.

12. Тірі гүлдер салынған гүлсауыт.

13. Бөлме өсімдігі, мысалы, әдемі қыш құмыраға салынған орхидея.

14. Әдемі жиектелген өзіңіздің фотоңыз. Мұндай сыйлықтар қарабайыр болып көрінеді, бірақ күйеуінен алуы керемет болады.

15. Егер ол бірнәрсені коллекция етіп жинап жүрсе, онда оның коллекциясындағы дүниені алып беруге болады.

16. Демалыста сапарға шығу. Демалыста жұбайыңызбен бірге сапарға шығыңыз.

17. Жаңа сағат

18. Күн сәулесінен қорғайтын дизайнерлік көзілдірік.

19. Гаджеттер қызықтыратын болса, оған камера, планшет, ноутбук, сымсыз құлаққап және т.б. сыйлауға болады.

20. Егер ол спортпен айналысатын немесе спортпен айналыссам деп армандайтын болса, онда спорт жабдығын: велосипед, спорт киімін сыйлаңыз. 21. Себезгіге арналған табиғи косметика.

22. Парфюмериялық майлар, парфюм.

23. Шай ішуге арналған шай сервизі.

24. Оның жақсы көретін тәттілер жиыны, егер тәттіні қаламайтын болса, сүйікті тағамдарын алыңыз.

25. Хош иістендірілген әдемі майшамдар жиынтығы.

26. Журналға жазылу.

27. Ас үйге қажетті ыдыс-аяқ.

28. Ванна сүлгілері.

29. Алдын-ала оның сүйікті Құран оқитын хафиздің аудиосы жүктелген плеер.

30. Тігіншілік немесе фотосурет түсірумен айналысу курстары, яғни оның айналысқысы келген дүниелер де керемет әрі пайдалы сыйлықтар болмақ. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтқа тіркелуіңізді немесе құпия сөзді қолданып, кіруіңізді сұраймыз.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалыққа жазылу