Ислам және әйел

  • Ана сүтінің балаға пайдасы

    Сәбидің тіршіліктегі ең алғаш татар нәрі – шешесінің сүті. Ғалымдардың соңғы зерттеулері осы бір ана сүтінің маңызын күн сайын арттыра түсуде. Әр жаратылысқа өз рызық-несібесін келісті тағайындаған Алла Тағала сәби мұрнына сүт иісін тез сезетін қасиет дарытқан. Соның арқасында жас нәресте ерніне тиген нәрсеге дереу ауыз салып, еме бастайды.

  • Әйелдерге 20 кеңес

    Құдіреті шексіз Алла Тағала Құранда: «Әрі сендердің тыныштық, тыным тауып орнығуларың үшін өздеріңнен жұбайлар жаратуы және араларыңда сүйіспеншілік пен мейірім-жанашырлық пайда етуі де – Оның белгілерінен.

  • Әйел құқы және отбасы

    Исламдағы әйелдің орны мен рөлі туралы терең зерттелген шығармалармен көпшілік жете таныс болмағандықтан, Ислам мәдениетінде әйел адамның құқығы тым шектеулі деген түсінік қалыптасқан. Мұндай түсініктің орын алуына қазіргі батыс елдерінің исламды жаппай қаралау үрдісінің тигізген әсері де орасан. Жалпы, Ислам дінінде әйелзатына үлкен мәртебе берілген.

  • Иманды қыз

    Халифа Омардың кезiнде сүт сатушыларға сүтке су қосып сатуға тыйым салынады. Қаланың тәртiбiн бақылау үшiн бiр күнi түнде халифа Мәдина қаласын аралап жүрiп, қатты шаршайды да бiраз тынығып алу үшiн бiр үйдiң қабырғасына сүйенiп отырады. Сөйтiп отырып ол үйдiң iшiндегi анасы мен қызының әңгiмесiн естидi.

  • Бала тәрбиесі-ана құрсағынан бастау алады

    Қазақ халқы әуелден-ақ бала тәрбиесіне айрықша мән беріп, оны ата-ананың борышы санаған. Өйткені, бала– болашақ иесі. Оны Алла Тағала жаратқанда жаман болсын деген жоқ. Сол себепті келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік әрдайым сын саналған. Баланы өсіріп-жетілдіру, ел қатарына қосу, тәрбиелеу-елдік мәселе.

  • Күйеуінің айыбын жасырған әйел туралы хикая

    Әуелде жаратылған Адам атаға Хауа ананы жұп етіп берген Алла Тағала мейірімді де хикмет иесі. Жаратушы Иеміз Адам атаға Хауа ананы адам баласының көбейіп, ұрпақ тарап, олардың Өзіне иман келтіріп, құлшылық етуі үшін берген. Демек, үйленіп, отбасын құрып, иманды пер-зенттер тәрбиелеу, оларды жетілдіру – Адам атамыздың уақытынан бастап уазипамызға айналған.

  • Қызы арлы болған халықтың жігіті намысшыл

    Ұлттық сипат, елдік дәстүрдің бізден алыстағанынан болар, қарындасқа сын айтсақ, "какое твое дело!" деп аузына құм құяды. Сен осы қарындас тұтқанмен, ол сені аға тұтып тұрған жоқ. Қазақ "қызға қызық үйден тыю" дейді. Тәпсірлеп көрейікші. Қыз қырық үйдің біреуіне ғана перзент.

  • Әйелді жұмаққа жетелейтін амалдар

    Әнәс ибн Мәліктен (р.а.) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: "Егер әйел кісі бес уақыт намазын оқып, рамазандағы оразасын ұстап, ар-намысын қорғап, күйеуіне бағынатын болса, жұмаққа кіреді" ("Мишкәтул-Мәсабих" II том, 202 бет).