«Астана» медресесі

Жалпы мәліметтер

Оқу орнының толық атауы мен мекен-жайы: «Медресе Астана» жеке мекемесі, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 36-да орналасқан. Медресе ҚР Әділет министрлігінде тіркелген. Тіркелу куәлігі № 45324-1901-М-Е, 2013 жылы 30 қаңтар, БИН 130140022723. Лицензия нөмірі: 13013706 (28.08.2013 жылы берілген, Астана қаласы).

Медресенің материалдық-техникалық базасы

 

Медресенің материалдық-техникалық базасы білім заңдарында көрсетілген талаптарға сай келеді. Оқу корпусы 2 қабаттан тұрады, жалпы алаңы 706 ш.м., көлемі 847 ш.м. Бірінші қабатта – оқу аудиториялары, екінші қабатта – әкімшілік, медициналық пункт және оқытушылар кабинеттері орналасқан.

Оқу корпусы оқу үрдісіне сай қажетті жиһаздармен, ұйымдастыру техникасы,  компьютер сыныбымен толығымен жабдықталған. Жеке ғимаратта арнайы оқу залымен жалпы алаңы 190 ш.м. медресе кітапханасы бар.  Жалпы кітап қоры 5 мыңға жуық. Медресенің оқу ғимаратына іргелес 3 қабатты жатақхана орналасқан. Жатақханада конференц-зал, санитарлық талаптарға сай толық жабдықталған 120 орындық асханасы бар. Өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелері талапқа сай. Медресе орталық жылыту жүйесімен жабдықталған.

Медресе бітірген түлектердің жұмыспен қамтылуы жөнінде мәлімет.

2007-2010 оқу жылында медресені 24 шәкірт, 2008-2011 оқу жылында – 29 шәкірт, 2009-2012 оқу жылында – 18 шәкірт, 2010-2013 оқу жылында 30 шәкірт білім алып, оқып шықты. «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінде оқу грантымен 20 түлек оқиды. Түркия Республикасы «Хасеки» медресесіне Астана медресесінің 7 түлегі оқуға түсті. Қалған түлектер бұйрық алған мешіт–медреселерде ойдағыдай қызмет атқаруда. Түрлі себептермен қызметтерін жалғастыра алмаған – 11 түлек бар. Біз өз тарапымыздан түлектердің медреседен кейінгі тыныс-тіршіліктерін қадағалаудамыз. 2013-2014 оқу жылдарында медресені 30 түлек бітіреді.

«Астана медресесі» жеке мекемесіні байланыс деректері

Оқу орнының толық атауы мен мекен-жайы:

«Астана медресесі» жеке мекемесі, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 36-да орналасқан.

Байланыс телефондары:

8 (7172) 44 61 55 – директор;

8 (7172) 44 58 44 – қабылдау бөлмесі,

8 (7172) 44 61 73 – факс;

8 (7172) 44 58 24 – директордың орынбасары;

8 (7172) 44 58 18 – оқу бөлімі;

8 (7172) 44 62 45 – есепші