Ықылас қарилар дайындау орталығы

Қазіргі таңдағы орталық әуел баста Оңтүстік Қазақстан облыстық Әділет басқармасына «Ықылас» жастар қоғамдық бірлестігі болып тіркелді. Шымкет қаласында 1997-ші жылдан бастап қызмет көрсетіп келеді. 2000 жылдан 2012 желтоқсан айына дейін ОҚО «Дар аль-Арқам» атындағы Құран Кәрім оқып үйрену орталығы болып жүздеген қарилар шығарды. Кәзіргі таңда сол шәкірттер Республиканың барлық қалаларында имам, наиб имам, медресе, мектептерде  ұстаз  және  басқада салаларда қызмет атқарып жүр.

Дар аль-Арқам Құран Кәрім оқып үйрену орталығы 2010 жыл жаз мезгілінен бастап жаңа ғиаратқа  ауысты. Әр  жылы жаз айында жазғы сауат ашу курсы, ал жыл бойы мектеп, колледж, университет оқушыларын тәрбиелейді, және қабылеті бар балдарды Қарилыққа дайындайды.

Орталығымыз 2013 жылғы көктемнен бастап ҚМДБ-ның қарамағына «Ықылас» Қарилар  Дайындау Орталығы болып тіркелді .

Орталық барлық техникалық базамен яғни: 3 сынып, 4 жатақхана, 100 кісілік асхана, компютер бөлмесі, кітапхана және актовый залмен қамтамасыз етілген.

Қарилар орталығына түскісі келетін үміткерлерге қойылар талаптар:

  1. Директор атына жазылған өтініш
  2. Облыс, аудан имамының ұсынысы (мінездеме түрінде)
  3. Өмірбаяны (талапкердің өз қолымен жазылуы тиіс)
  4. Орта білімі туралы аттестаты (түпнұсқасы)
  5. Көлемі 4х5 сурет (6 дана)
  6. Жеке куәлігінің (көшірмесі) 
  7. 086-У үлгідегі дәргерлік анықтама
  8. РНН (көшірмесі)
  9. Сотталмағандығы туралы анықтама
  10. Талапкердің жасы 25-тен аспауы тиіс