«Қауам ад-Дин әл-Итқани әл-Фараби ат-Түркістани» республикалық қарилар даярлау Орталығы

Астана маңындағы «Қауам ад-Дин әл-Итқани әл-Фараби ат-Түркістани» республикалық қарилар даярлау Орталығы (Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қосшы ауылы) 2010 жылы 30 қазанда ашылды.

Қарилар даярлау орталығы орта кәсіптік білім беру деңгейіндегі, ислам әлемінде қабылданған 7 және 10 қирағатты меңгерген қарилар даярлайтын орта діни оқу орны.

Оқу мерзімі 2 жыл 10 ай. Оқу түрі күндізгі. Қарилар курсына Құран Кәрімді толық жаттаған, сондай-ақ дауысы көркем т.б. белгіленген қабылдау ережелеріне сай емтиханнан өткен талапкерлер ғана қабылданады.

Қауам ад-Дин атындағы қарилар орталығының оқу ғимараты 2 қабаттан тұрады. Материалдық базасы бай әрі заманауи білім беру талаптарына сай. Қарилар даярлау орталығы оқу ғимаратының жалпы алаңы 240,2 ш.м. Іргетасы бетоннан, қабырғасы кірпіштен тұрғызылған. Бірінші қабатында 14 және 16,5 шаршы метрлік екі дәліз, 32,1 шаршы метрлік намаз бөлмесі, 15,4 шаршы метрлік діни әдебиеттер кітапханасы, 23,4 шаршы метрлік директор бөлмесі, 21,5 шаршы метрлік есепші бөлмесі, 5,0 шаршы метрлік жылыту ошағы орналасқан.

Ал екінші қабаттында 16,5 шаршы метрі дәліз, 26,8, 41,5, және 21,9 шаршы метрлік 3 оқу аудиториялары бар. Оқу корпусы жанынан 134,9 шаршы метрлік 30 компьютермен қамтылған сынып,  49,7 шаршы метрлік екі қойма және 82,9 шаршы метрлік асхана орналасқан.

Оқу ғимаратына іргелес 2 қабатты жатақхананың жалпы аумағы 173,0 шаршы метр. Ғимарат күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Еденіне керамикалық плитка төселіп, ламинатпен қапталған, бірінші қабаттың еден асты жылытылады. Терезелер металлопластикадан жасалған. Бірінші қабатта 8,0 және 59,6 шаршы метрлік  шәкірттердің 2 жатын бөлмесі бар. Екінші қабатта 6,9, 18,2 және 14,0 шаршы метрлік жатын бөлмесі орналасқан. Сондай-ақ орталықтың оқу және жатақхана корпустарына көрші 0,1482 га жерге орналасқан екі отбасы тұруға арналған ғимарат бар.

Ғимарат жарық, ішіне терезелер арқылы, жасанды жарық люминесцентті шамдар орнатылған. Барлық жарықтану көздері қорғаныш плафондарымен жабылған. Түнде медресенің сыртқы аумағына қойылған жарық шамдары медресе ғимараты мен жатақхананы жарқыратып тұрады. Өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелері талапқа сай. Орталықтың ғимараттары заман талабына сай жеке электр жүйесі арқылы жылытылып, ішкі жылы сумен қамтамасыз етіледі.

Қарилар даярлау орталығы ашылысымен-ақ ҚМДБ-ның төралқа мәжілісінің шешімі бойынша «Әбу Ханифа» республикалық қарилар даярлау орталығының тұңғыш директоры болып қари Садуақас Олжабаев тағайындалды.

Қарилар орталығына түскісі келетін үміткерлерге қойылар талаптар:

  1. Директор атына жазылған өтініш
  2. Облыс, аудан имамының ұсынысы (мінездеме түрінде)
  3. Өмірбаяны (талапкердің өз қолымен жазылуы тиіс)
  4. Орта білімі туралы аттестаты (түпнұсқасы)
  5. Көлемі 4х5 сурет (6 дана)
  6. Жеке куәлігінің (көшірмесі) 
  7. 086-У үлгідегі дәргерлік анықтама
  8. РНН (көшірмесі)
  9. Сотталмағандығы туралы анықтама
  10. Талапкердің жасы 25-тен аспауы тиіс