"Сарыағаш" медресесі

Медресе ашылғаннан кейін тиісті құжаттардың бәрі толықтай реттеліп, 2013 жылы  9 қаңтарда Әділет министрлігінен ресми түрде тіркеуден өтіп, №1112-1958-12-ЖМ-е ресми тіркеу куәлігі берілді.  «Бизнес-сәйкестендіру нөмірі – БСН 130140003380. ҚР Білім және ғылым министрлігі: лицензия № 13013559    

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» РМҚК-ның Сарыағаш филиалында әзірленген.

Кадастрлық нөмірі:19:296:069:103

Медресе Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Ынтымақ елді-мекені, А.Навои көшесі № 1 мекен-жайда орналасқан. 

Медресе шәкірттері жалпы орта білім негізіндегі оқыту мерзімі 2 жыл 10 ай білім алады. Жыл ішіндегі оқу екі семестрге бөлінген. Оқу жоспарына сай шәкірттер лекция тыңдап, практикалық, лабораториялық сабақтарға қатысады, өзіндік жұмыспен айналысады. Соңынан курстық жұмыстар, сынақ, емтихан тапсырады.

Сарыағаш медресесі діни бірлестігінің жалпы құрылымына келер болсақ, медресенің жалпы жер көлемі 1-гектар. 1-қабаты жазғы оқушыларға арналған жатақхана, 2-қабаты конференция залына берілген. Аяқ асты цементтелген, оң жақ беткейі шырша ағаштарымен көмкерілген. Ал сол жағында балалардың  жазғы демалыс  кезінде шомылатын үлкен хауз 40х8­=320 шаршы метр. Медресе ғимаратының көлемі 1473,4 шаршы метр. Бірінші қабатта кең дәліздің  екі бетінде орналасқан оқу сыныптары, компютер және кітапхана, дәрігерлік көмек, мәжіліс залы, мұғалімдер бөлмесі, директордың бөлмесі  болып, барлығы 17-бөлмені құрайды. Кітапхана қорында 6000-ға жуық кітаптар бар, олардың негізін діни әдебиеттер құрайды. Информатика кабинетіне 18 компютер қойылып, интернет жүйесіне қосылған. Дәрігерлік бөлме де тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, тұрақты мейірбике қызмет көрсетеді. Медресенің екінші қабатына жапсарлас салынған 350-орындық «Таяқты Ишан» мешіті және балалар дене шынықтыратын (10х10) орын бар. Кең дәліздің екі жағында 20-жатақхана бөлмелері бар. Жатақхана кең әрі екі қабатты төсектің үшеуі қойылған. Бөлмелер шәкірттердің киім-кешектерін және жеке гигеналық заттарын қоятын  жиһазбен жабдықталған.  Екі қабатта да қауіпті жағдайларда шығатын қосымша есіктері бар.

 Медресе ғимаратының шығыс бетінде асхана оранласқан. Асханада бір мезгілде 150-шәкірт тамақтана алады. Асханада арнайы мамандандырылған аспазшы ас даярлайды. Асхана қазіргі заман талаптарына сай жабдықталған. Шәкірттер күніне үш, жаз айларында төрт  мезгіл  тамақтандырылады. Сондай-ақ нан және макорон өнімдерін шығаратын 2 цехы бар. Медресені азық-түлікпен «Қызыр-Айтқұл»ЖШС  мекемесі  2200 гектар жерді өңдеп, игеру арқылы қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар, мал бордақылайтын сарай және қырда бір отар уақ мал ұстап көмек беріп отырады. 10 га суармалы жерге көкөніс өсіріліп, шәкірттерге беріледі.

Медресе шәкірттеріне үлкен күрделі жөндеуден өткен 18-есікті дәретхана жұмыс істейді. Онда жылы су және дәрет алатын ыңғайлы орындар бар. Күнделікті жуынатын  себелгі (душ) және аптасына бір рет ыстық монша жағылады. Кір жуатын үлкен машинасы тағы бар

Медресе ауласында футбол, баскетбол, воллейбол ойнайтын  және  жүгіріп дене шынықтыратын  ашық алаңы бар. Турник, алтыбақан т .б салауатты өмір салтына арналған құралдар орналасқан.

2013-2014 оқу жылында медреседе 125 шәкір оқып жатыр.