"Шымкент" медресесі

Осынау шаһарда еліміздегі ең алғашқы медресе 2007 жылғы маусым айында есік ашты.

Оқу мерзімі - 2 жыл 10 ай. Оқу түрі - күндізгі. Оқу үдерісі бір кезеңмен өткізіледі.

Арнаулы орта білімді дін мамандарын даярлайтын медресеге білімді, қабілетті, денсаулығы жарамды, имандылыққа бет бұрған талапкерлер қабылданады.

Медресені «Исламтану» мамандығы бойынша тәмамдаған шәкірттер арнаулы орта оқу орнының дипломына ие болады. Болашақта олардың еліміздегі мешіттерде имамдық және мешіттер жанынан ашылған сауат ашу курстары мен медреселерде ұстаздық қызмет атқарулары көзделген.

Медресе ер балалар және қыз балалар бөлімдері болып екіге бөлінген:

Медресе заманауи талаптарға сай жабдықталған. Атап айтқанда  арнайы аудиториялар мен дәріс залдары, мешіт, жатақхана, спорт алаңқайлары, кітапхана, асхана, компьютер бөлмелері, медициналық пункттер, дайындық курстары, т.б. бар.

Медресе қоғамдық іс-шаралар ретінде студенттер арасында жылына екі рет азан, хұтпа, уағыз, хадис жарыстарын өткізеді. Медреседе тәрбие сағаты ретінде ғылымның әр саласынан профессор, доктор, заң қызметкерлерімен конференциялар өткізіліп тұрады. Бұл тұрғыда оқу орны Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік және халықаралық Қазақ-Түрік, Отырар, ОҚПУ  университеттерімен тығыз байланыста. 2013-2014 оқу жылында медресені 39 ер және  14 қыз шәкірті бітіреді.

Медресе сипаттамсы

Медресе Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2007 жылғы 30 қарашада № 5025-1900-ДБ нөмірімен тіркелген. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) 071240002315.

Заңды тұлғаның атауы: «Шымкент медресесі» діни бірлестігі.  

Қайта тіркеумен: «Шымкент медресесі» жеке мекемесі. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ОҚО Әділет департаменті Шымкент қаласының Әділет басқармасына 2012 жылы 5-ші қарашада №2884-1958-01-М-е номерімен тіркелді. Медресенің бизнис-сәйкестендіру номері БСН 071240002315 Мемлекеттік лицензиясы № 13003127 «22» ақпан 2013 жылы берілді.

Медресенің жалпы жер көлемі 7576,1  шаршы метр аумақты алып жатыр.

Медреседе бүгінде 25 аудитория, 16 дәрісхана мен 2 лекциялық зал жұмыс істейді. Онда арнайы орындықтар, тақталар, т.б. заттар қойылған. Сондай-ақ желдеткіш, телефон, факс, шаңсорғышпен қамтамасыз етіліп, тиісті жиһаз, т.б. қажеттіліктермен жабдықталған.

Медресенің ер балалар жатақханасы 200 орындық, екі қабатты.

Медресенің қыз балалар жатақханасы 150 орындық, екі қабатты.   

Оларға теледидарлар мен орындықтар қойылған. Жуынатын бөлмелер, кір жуу машиналары, т.б. болуы қаперге алынған.

Медреседе спорт кешені жұмыс істейді. Атап айтқанда: мини футбол, волейбол, баскетбол, теннис, т.б. қажетті спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндіктер жасалған.

Медресенің кітапханасы бар. Онда 6 мыңнан аса тарихи, философиялық, әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық, діни-танымдық әдебиеттер жинақталған. 

Медреседе шәкірттерге 3 мезгіл тегін тамақ беріледі.

Арнайы компьютер бөлмелері бар. Ондағы ер балалар бөліміне 21 компьютер қойылған. Оқу орнының барлық оқу-әдістемелік және тәрбиелік жұмыстары жайлы мәлімет компьютерлік ақпарат жүйесіне енгізілген.

Оқу бағдарламасы бойынша барлық мәлімет, үлестірмелі материалдардың түпнұсқалары және шәкірттердің білімі мен оқу үлгерімін бақылау қорытындылары медресенің тәрбие ісі бөлімінің меңгерушісі мен әрбір топтың сынып жетекшілерінің жеке компьютерінде тіркелген.

Компьютерлер интернет жүйесіне қосылған.

Медресе қысқы мезгілдерде жалпы жылу жүйесіне қосылған. Көктем мен жаз айларында гүлдер отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.  

Медресе жанынан екі қабатты мешіт салынған. Оның бірінші қабатында дәретхана, асхана, кеңсе бөлмелері орналасса, екінші қабатында үлкен намаз залы бар. Еденіне жайнамаз-кілемдер төселген. Михрабы кафелденіп «Аятул курси» аяттары  өрнектелген. Уағыз, хұтпа айту үшін арнайы мінбер де бар.

Медреседе медициналық пункттер бар, мейірбикелер жұмыс атқарады.

Медициналық пункттер тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген.

Медреседе жыл сайын шәкірттердің демалысы кезінде екі ауысыммен жазғы діни демалыс лагері істейді. Онда балалар 3 мезгіл тамақтанады. Діни дәрістер беріліп, исламдық тұрғыдағы тәрбиелік мәні бар бейнефильмдер мен анимациялық фильмдер көрсетіледі.

«Шымкент» медресесіне түсетін үміткерлерге қойылатын талаптар:

  1. Директор атына жазылған өтініш
  2. Облыс, аудан имамының ұсынысы
  3. Өмірбаяны
  4. Аттестаты немесе диплом (түпнұсқасы)
  5. Көлемі 3х4 сурет (6 дана)
  6. Жеке куәлігінің (көшірмесі) 
  7. № 086-У, флюра
  8. № 063 үлгідегі дәрігерлік анықтама
  9. Психо.диспансер

Мекен-жайы: Қзақстан Республикасы, 160000  Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Әл фараби ауданы, Рекордная өткелі, № 4 үй.

тел: 8(7252) 538674, 8(7252) 538672