Уағыздар

  • ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТЫ БЕРІЛГЕН КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ТІЗІМІ

    1. «Халал ет» ЖШС Сауда белгісі: «Халал Сұлтан» Тіркеу № 000001 Жарамдылық мерзімі: 11.02.2015-10.02.2016 Шұжық өнімдері ҚР, Алматы қ, Ахметов көшесі, 20, оф. 20. Тел: +7-778-777-77-01 Бинали Сайт: www.asylet.kz Бақылаушы: Елжанов Ануар. Тел: 8 (701) 775-52-99

  • Қ.Жұмабеков: ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАДІРЛІ ІС

    Қайырымдылық - көмекті қажет етушілерге (адам және барлық жандыларға) білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады.Қайырымдылық— адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар. Бірі — рухани-экономикалық жағы (басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау), Екіншісі — іс-тәжірибелік жағы (іс жүзінде нақты көмек беруге ұмтылу).

  • Д.Жұмабаев: УАҚЫТТЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ - ИГІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ!

    Уақыт! Қандай да бір нәрсенің болмасын, белгілі бір уақытпен санасып, нақтылы бір өлшемдермен белгіленетіні белгілі. Адам баласының, күллі жаратылыстың азды-көпті ғұмырлары уақыт деген ұғыммен тығыз байланысты.

  • Ержан қажы Малғажыұлы: РАМАЗАН АЙЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

    Құдайға шүкір, қасиетті рамазан айына да аман-сау жеттік. Ұлық айға есендікпен жеткеннің өзі үлкен нығмет. Жаратқан Ие баршамызға осы айдағы жауапкершілікті лайықты түрде атқаруға медет берсін, жәрдем етсін. Бұрынғы мұсылмандар осынау мүбәрак аймен қимай қоштасып, ал келесі жылы құдды қырық жыл көрмеген қонағын күткендей құшақ жая қарсы алады екен. Өйткені бұл ай әрбір жанға иләһи мейірімнің бір сынығын сыйлайтын сауабы мол маусым.

  • Батыржан Мансұров: ЕР МЕН ӘЙЕЛДІҢ ОТБАСЫНДАҒЫ МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ТАЛАҚ МӘСЕЛЕСІ

    Дана халқымыздың«Отан отбасынан басталады», «Отбасы – шағын мемлекет» деген ғибратқа толы қанатты сөздерінде терең мән-мағына жатыр. Әрбір отбасы өзінше бір Отан. Оның басшысы отбасының қамқоршысы мен тіреуі – ер адам. Адамзаттың абзалы ардақты Елші Мұхаммедтің r хадисінде: «Ер кiсi отбасының бақташысы. Сондықтан да ол – қол астындағыларға жауапты»[1], - деген сөзі қуаттай түссе керек.

  • Құлшылық жасаудың басы – тақуалық

    Тақуалық сөзі «уиқая» түбірінен шығып, сақтану, қорқу деген мағыналарды білдіреді. Дінімізде тақуалық сөзі арнайы Алладан қорқу деген мағынада жұмсалады.