ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҮЗДІК МАҚАЛАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

Елін, жерін, отанын сүйетін, елжанды, иманды патриот ұрпақ тәрбиелеу үшін ҚМДБ-ның Жалпы және жастар ісі бөлімі «Әйелдер-қыздар» секторы жалпы жамағат арасындағы әйел-қыздарға арналған «Ислам және әйел» атты Республикалық ғылыми, діни-танымдық мақалалар байқауын ұйымдастырады! Мақала жазудың шарттары төмендегідей:

 

  • Жазылатын мақала дінмен ұштасқан болуы қажет;
  • Бір автордан бір мақала, көлемі 5-8 бет аралығында болу керек;
  • Бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған болуы;
  • Ғылыми фактілер келтірілген жағдайда сілтеме көрсетілуі;
  • Туындының плагиат болмауы;
  • Мақала Word форматы түрінде Times New Roman (14 кегльде (шрифт) қарпімен жазылуы тиіс;
  • Мақала «Ислам және әйел» тақырыбы аясында болуға тиіс;
  • Мақала жазушының (аты-жөні, елді-мекені, байланыс телефондары) болуы тиіс.

 

Үздік деп танылған 3 мақала төмендегі сыйлықтармен марапатталады.

 

Сыйлықтар:

1-орын – телевизор

2-орын – ноутбук

3-орын – ұялы телефон

 

Ескерту: Мақалалар 2017 жылдың 1 мамырына дейін мына электронды мекен-жайға жіберілуі тиіс: kmdbsektori2016@mail.ru 

Байланыс тел: 8 (7172) 286 220

Пікірлер (2)

    • Орынбай Аяулым
    • |
    • 19.04.2017

    Ассалаумағалейкум уа рахматулахи уа баракатух
    мен бағана осы kmdbsektori2016@mail.ru сайтына мақала жіберген болатынмын мектептің атынан соған байланыс телефонын жазуды ұмыт қалдырыппын соны қалай жазып жіберсем болады?

    • Сайт әкімшісі
    • |
    • 24.04.2017

    Уағалайкумассалам, Орынбай Аяулым. Сол почтаға қайта хат жіберсеңіз болады толықтырып.

     
       

     

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтқа тіркелуіңізді немесе құпия сөзді қолданып, кіруіңізді сұраймыз.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалыққа жазылу