МӘУЛІТ мерекесіне орай БӘЙГЕ

Тақырып: «МӘҢГІЛІК ӨНЕГЕ – ӘЗ МҰХАММЕД МҰСТАФА ﷺ»

Алматы орталық мешіті Мәуліт мерекесіне орай, Адамзаттың асыл тәжі, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның ﷺ өнегелі өмірінен сыр шертетін бейнероликтерге бәйге жариялайды. БАС ЖҮЛДЕ – ҚАЖЫЛЫҚ.

Бәйге шарттары:

1. Бейнеролик мазмұны Пайғамбарымыз Мұхаммедтің ﷺ өнегелі өмірі, көркем мінезі, мұсылмандардың оған деген сағынышы мен оның ізгі амалдарын жалғастыруға ынталандыру бағыттарында болуы;

2. Бейнеролик уақыты 3 минут пен 7 минут арасында болуы;

3. Жоғары сапада (HD 1080px1920p) сақталуы;

4. Бәйгеге қатысатын ролик еш жерде жарияланбаған болуы;

Бейнероликті kmdbkz@gmail.com электронды мекен-жайына 5 желтоқсанға дейін жіберу керек.

Бәйге қорытындысы ҚМДБ Мәуліт мерекесінің кешінде жарияланады.

Сайт: Muftyat.kz

Телефон: 8 727 397 63 97, 8 727 397 64 84, 8 778 881 33 33

Пікірлер (7)

    • aigera
    • |
    • 19.11.2016

    видео бейнені өзім түсіріп істеймін бе? әлде ютубтан мына жерден, ана жерден кесіп істесе болама?

    • Сайт әкімшісі
    • |
    • 21.11.2016

    Басқа видеоларды пайдалануға рұқсат. Ең бастысы сіздің бізге жіберетін видеоролигіңіз басқа еш жерде жарияланбаған болуы керек.

    • Тажмуханова Раушан
    • |
    • 22.11.2016

    Егер бейнероликке бірнеше адамның қатысуымен жасалса, және бұл бейнеролик басты жүлдені яғни қажылықты ұтып алса, қажылық қанша адамға көзделген?

    • Нуржан
    • |
    • 06.12.2016

    Бас жүлде қажылықтан басқа қандай жүлделер беріледі?

    • Сайт әкімшісі
    • |
    • 22.11.2016

    Бейнероликті бірнеше адамның қатысуымен жасауға болады. Дегенмен, бас жүлде үшін бір ғана қажылыққа жолдама беріледі.

    • Азамат Аленов
    • |
    • 24.11.2016

    Ассәлумуаләйкум.Видеороликті монтаждағанда звук,музыка,музыкалық эффект қолдануға бол ма?

    • Сайт әкімшісі
    • |
    • 24.11.2016

    Уағалайкумассалам. Әрине болады.

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтқа тіркелуіңізді немесе құпия сөзді қолданып, кіруіңізді сұраймыз.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалыққа жазылу