Діни басқарма "БӘЙГЕ" жариялайды

Құрметті оқырман! Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы еліміздің мұсылман қауымы үшін 2014 жыл – «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялады. Осыған орай, ҚМДБ-ның уағыз-насихат және ғаламтормен жұмыс бөлімі мен ҚМДБ-ның muftyat.kz ресми сайты шығармашылық бәйге жариялайды!

Шығармалар сайысының тақырыбы: «Ислам және дәстүр».

1-ші орын – 250 000 тг.

2-ші орын – 150 000 тг.

3-ші орын – 75 000 тг.

Сайысқа қатысу тегін әрі жас мөлшеріне шектеу қойылмайды.

Сайыс жеңімпазын халық және арнайы әділқазылар алқасы анықтайды. Келіп түскен материалдар 1 күннің ішінде арнайы тағайындалған сарапшылардың сараптамасынан өтіп, төменде көрсетілген шарттарға сәйкес келген жағдайда, материалды үміткер шығарма ретінде сайтымызда жариялап отыратын боламыз. Жарияланған уақыттан бастап халықтың дауыс беруі жүзеге асырылады. Бәйгедегі әділдік сақталуы үшін сайтқа шығарылған және сарапшыларға ұсынылған материалдардың авторлары көрсетілмейді. Арнайы бекітілген "шифрлық сандар" арқылы берілетін болады.

Шығармаларды қабылдау 5 наурыз бен 15 сәуір аралығында жүргізіледі. Сайыс қорытындысы 18 сәуір күні белгілі болады. Жеңімпазды анықтау барысында сайт оқырмандарының да дауысы есептеліп, әділ қазылар алқасының шешіміне әсер ететін болады. Дауыс беру тек muftyat.kz сайтында жарық көрген шығарма жанында орналасқан «ұнайды» немесе «ұнамайды» тетіктерін басу арқылы ғана жүзеге асырылады.

 

Шығармаларға қойылатын талаптар:

Шығарманың көшірме (плагиат) болмауы шарт, яғни бөгде автордың ойын немесе оқиға желісіне ұқсас жазылған болса, сайысқа қабылданбайды. Егер бұрын жарияланған шығарма болса, алғашқы дереккөзді көрсетуі міндетті.

Дін мен дәстүрдің сабақтастығы әр қырынан жан-жақты ашылуы қажет.

Шығарманың мәтіні қатесіз әрі сөйлем құрылысы дұрыс болуы шарт.

Дінаралық немесе ұлтаралық араздық тудыратын шығармалар қабылданбайды.

Шығарма көлемі А4 көлеміндегі 3 бет пен 5 беттің арасында болуы қажет.

Мәтінге мән бере түсу үшін әрбір автор көлемі 40 кб аспайтын фотосурет қолдануына болады.

Сайысқа қатысушылар  өз шығармаларын bayge-kmdb@mail.ru электронды жәшігіне жолдауы керек.

 

Ескерту:

1. Әділқазылар алқасы өз шешімдері үшін түсіндірме беруге міндеттелмейді.

2. Сайысқа қабылданған шығармалар авторларға қайтарып берілмейді.

3. Сайысқа жіберілген шығармаларды қолдану құқығы muftyat.kz сайтына тиесілі болады.

4. Muftyat.kz сайты жарияланар шығармаларды өңдеуге немесе түзетуге құқылы болып есептеледі.

Пікірлер (16)

    • talgat bakyt
    • |
    • 04.03.2014

    Өте жақсы бастама екен. Аллаһ береке берсін. ұйымдастырушыларға алғысым шексіз.

    • Danyiar Saryiev
    • |
    • 05.03.2014

    Ассәләмуалейкум уа рахматуллаһи уә баракатуһ. Жақсы бастама екен."Ислам және дәстүр" жан-жақты ізденетін тақырып екен.Сондықтан сайысқа қатысушыларға қаламдарыңыз ұштала берсін демекпін.

    • Айсулу
    • |
    • 05.03.2014

    Аллах разы болсын! Дін мен дәстүрді жете түсінуде бұл бәйге нағыз қажет шара,сол арқылы білімімізді жетілдіріп, дін мен дәстүр құндылықтарын біліп ойымызды түйсек нұр үстіне нұр болар еді! Қуаныштымын|!

    • Айсулу
    • |
    • 05.03.2014

    Қарағанды қаласынан қатысуға бола ма?

    • Жомарт
    • |
    • 06.03.2014

    Иә, әлбетте еліміздің барлық аймақтарынан қатысуға болады. Ешқандай шектеу жоқ.

    • |
    • 06.03.2014

    Ассәламуалейкум, еліміздің діни басқармасының қадірменді қауымы! Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлы бауырымыздың бастамасымен 2014-жылды "Дін мен дәстүр" жылы деп жариялағандығына өз басым өте қуаныштымын, әрі сіздердің бұл бастамаларыңызды толығымен қолдай отырып атсалыса қатысуға әзірмін. Шыны керек, мен өз басымды діндар немесе, діни білімім бар адам едім деп айта алмаймын. Алайда, Жаратушы Аллаға, өзіміздің ұстанатын Ислам дініне деген сенім көзқарасым берік әрі оған адал болуға әу бастан бойұсынған жанмын. Сол себептен де мен барлық бала-шағамдв діни біліммен сусындатып өсіріп тәрбиеледім. Аллаға шүкір сол еңбегімнің жемісін бүгін де көріп отырмын. Енді осы жерден 2014-жылды "Дін мен дәстүр" жылы деп жариялаудың маңыздылығына қатысты аздаған ой пікіріме тоқталайын. Жалпы дін мен дәстүрдің сабақтастығының біздің елімізге, біздің ұлтымызға, болашақ жастарымыздың тәлімдік, тәрбиелік жолында атқарар ролі мен берер тағылымы өте мол маңызды шара деп білемін. Біз бүгінде "Мәңгілік ел" болуды (көксеген) мақсат тұтқан елміз. Әрине, әрбір нәрсе айтуға ғана оңай! Олай дейтінім, біз мәңгілік ел болу үшін, болашақта сол мәңгілік елдікті құрып, оны қорғап сақтайтын патриот ұрпақтарымызды осы бастан баулып тәрбиелеуіміз қажет. Міне, осы орайда біздің келешек ұрпақтарымызға ең қажетті делінетін тәрбиелік маңызы зор дүние - ол діни ілім. Осы діни ілімді қазақы ұлттық тәрбиемен ұштастыра білген жағдайда ғана, біз нағыз ұлтжанды, отансүйгіш, иманды, мейірімді, ибалы, өнегелі ұрпақ тәрбиелей алатындығымыз шүбәсәз. Қоғамның әр бір мүшесі толыққанды тұлғаға айналмайынша, біздің қоғамда онша ілгерлеушілік болмайды. Бұл елімізді өркендеп дамымайды дегенім емес, керісінше сол дамудың солқылдақтығын аңғартады дегенім! Ал, осы тақырыпқа қатысты жарияланып отырған шығармашылық бәйгеге келер болсақ, бұл тақырыптың да ауқымы өте кең, түп тамыры тым тереңде жатқан күрделі тақырып. Бір ғана қысқа мерзімдік шығармашылыққа, тақырыптың ауқымы тарлық етер деген ойым. Сондықтан да, алдағы уақыттарда мұндай шаралар жалғасын тауып жатса нұр үстіне нұр болар еді. Сондай-ақ дәл осы тақырыптағы бәйгені мектеп оқушыларының арасына да жариялаудың маңызы өте зор болар еді! - деген пікірдемін...

    • Ғазизова Айсулу
    • |
    • 06.03.2014

    рахмет,

    • Ғазизова Айсулу
    • |
    • 26.03.2014

    шығармаларды қай жерден оқуға болады?қай жерде олар?

    • Akerke Sydykova
    • |
    • 04.04.2014

    Ассалаумағалейкум! Жеңімпазды анықтау барысында сайт оқырмандарының да дауысы есептеліп, әділ қазылар алқасының шешіміне әсер ететін болады, - деп көрсетілген шығарма талабында. Менің сұрайын дегенім - егер шығарма 15-ші сәуір күні барса, оны ешкім оқып үлгермейді ғой. Ол шығармаға ешбір лайк қойылмайды. Сонда әзіл қазылар алқасы "лайксыз" шығармаға қандай үкім шығарар екен?

    • Жомарт
    • |
    • 06.04.2014

    Уағалейкумассалам уа рахматулла! Кешігіп келген материалдың сапасы мен айтар ойы өзге мақалалардан оқ бойы озық тұрса, ол да ескеріледі. Сондықтан жіберілетін мақалаларды грамматикалық, орфографиялық, мазмұндық қателіктерден таза етіп жіберулеріңіз қажет. Байқаған болсаңыздар сайтқа жарияланған материалдардың қателері жөнделмей салынуда. Ол қателіктері де сарапшылардың назарында болып, үміткердің сауаттылығы ескерілетін болады.

    • Ғазизова Айсулу
    • |
    • 06.04.2014

    шығармаларды қай жерден оқыса болады екен?

    • Жомарт
    • |
    • 07.04.2014

    Шығармаларды мына сілтемені басу арқылы оқи аласыз.

    http://muftyat.kz/kz/islamjd

    • Қасқатай Назым
    • |
    • 13.04.2014

    Ассалаумағалейкум! Шығармаға байланысты бір сұрағым бар еді: сіздерге жіберген шығарма сараптамадан өтпегені туралы почтамызға хабарлама келе ме? әлде интернетке кешігіп шыға ма? Мен кеше шығарма жібергенмін, бірақ әлі түспеді ғой. Алдын ала рахмет!

    • Жанна Асановна
    • |
    • 14.04.2014

    Ассаяляму алейкум! егер дауыс беруді есепке алса бұл бәйге әділ болмайды, маган кеше бір адам жаман пікір жазып көңілге тиді, барлығы өтірік е-mail мен парольді ойлап өздеріне дауыс беріп жатыр дейді((( сондықтан өтініш шығармалардың барлығын дұрыстап оқып шығып, ешқандай дауыс беруді қабылдаманыздаршы, бір-бірімен кәдімгідей бәсекелесіп жатыр мусылмандар!

    • Динара
    • |
    • 15.04.2014

    Ассәләму алейкум уа рахматуллаһи уә баракатуһ! Осы тұрғыда сайыстарыңыз алдағы уақытта кай мерзімде болады?

    • каскатаева несибели
    • |
    • 17.04.2014

    Салеметсиздерме. Мен жиберген шыгарманын шыкпаганын тусинбедим. Неге шыкпады.орын алмасамда, мусылман бауырлар
    менин шыгармамды окыса екен деп едим! А сурагыма жауап кутемин. Рахмет.

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтқа тіркелуіңізді немесе құпия сөзді қолданып, кіруіңізді сұраймыз.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалыққа жазылу