ҚМДБ-ның мектептегі киім үлгісіне қатысты ұстанымы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына мұсылман жамағаты және ата-аналар тарапынан мектеп формасына қатысты сауалдар түсуде. Республикамыздың әр өңіріндегі мұсылмандардың бірқатар өтініш-тілектеріне орай, төменде аталған мәселеге қатысты ұстанымымызды білдіреміз.

Ислам діні мұсылман ер мен әйелдерге әуретін жауып, шариғат әдебі бойынша киінуді міндеттеген. Үйден тыс, қоғамдық орындарда ұзын етек-жеңді киім киіп, орамал тарту мұсылман әйелдің ары мен абыройын сақтайды.

Қасиетті Құранда Алла Тағала: «Уа, Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және иман келтіргендердің әйелдеріне айт: үстеріне жаулықтарын жамылсын...» («Ахзап» сүресі, 59-аят) деп бұйырған.

Аятта киімнің түсі немесе үлгісі анық айтылмаған. Сондықтан әр ұлт, әр мәдениет өкілдері Алланың әмірін өз ұстанымдары, тарихи таным-түсініктері бойынша орындайды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі мұсылман қыз-келіншектер мен әйелдерді киім кию үлгісінде қазақ халқының салт-дәстүрлерін сақтай отырып, жинақы киінуге кеңес береді. Көзге ерсі көрінетін, дене бітімін айқындайтын, қара түсті киім-кешектерді пайдаланбаған дұрыс. Ал паранжа (ниқаб) кию – салтымызда болмаған. Бұл – ата-бабаларымыздың ұстанған жолы емес.

Біз мұсылман жамағаты мен ата-аналарды оқу орындарының мектеп оқушыларының киім үлгісіне қатысты қойылатын талаптарына түсіністікпен және сабырлықпен қарауға шақырамыз. Бұл мәселені ушықтыру дұрыс емес. Өйткені елімізде орамалға түбегейлі тыйым салынбағанын түсінуіміз керек. Тек орта мектептерде киім үлгісін бірізділікке түсіру мақсатында шешім қабылданған.

Конституцияға сәйкес еліміз зайырлы мемлекет болып табылады, онда азаматтардың ар-ождан бостандығына еркіндік берілген. Сонымен қатар, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңда діни бірлестіктердің мемлекеттің қызметіне араласпайтыны көрсетілген. Аталған Заңда еліміздегі білім беру және тәрбиелеу жүйесі дін мен діни бірлестіктерден бөлінгендігі және зайырлы сипатта болатындығы айтылған.

Діндар азаматтар қоғамнан бөлек өмір сүрмейді. Дініміздегі бойұсыну – негізгі міндеттердің бірі. Сондықтан мұсылмандар заңға құрметпен қарайды.

Еліміздің заңнамалары бізге балаларымыздың орта білім алуын қамтамасыз етуімізді міндеттейді. Білімсіздік бүлікке бастайтынын ұмытпайық. Сондықтан қыз баланың толыққанды зайырлы білім алуына назар аударуға кеңес береміз.

Діни басқарма қыздарымыздың дәстүрімізге сай, ұзын етек, ұзын жең киім киіп, орамал тартып, инабатты болып жүруін тілейді. Осы ретте мектеп әкімшіліктері мен қоғамдық кеңестерінен жергілікті мектептерде киім үлгісін қабылдауда мұсылман жамағатының тілегін ескеруді сұрайды.

Алла Тағала елімізге береке, халқымызға бірлік нәсіп етсін! Әмин!

Пікірлер (46)

    • Алтынай
    • |
    • 16.03.2016

    Маша Аллаһ! мектеп формасы шешілді ме? Орамал тағуға тыйым салынбайтын болды ма?

    • Анара
    • |
    • 18.03.2016

    кезінде мектепте біз фартук киіп ақ бантикпен жүретінбіз сонысымен қызық емес пе мектеп кезі бірақ қазір ондай форма жоқ та сияқты ғой

    • Жан
    • |
    • 15.03.2016

    Как хорошо когда наше духовенство высказывает свою позицию на актуальные вопросы граждан. Своевременный посыл для всех нас...

    • Хамза
    • |
    • 15.03.2016

    Ассаламу алайкум Накты ашып айтуга болма ма бул малимдеме тусинксиз

    • Кайрат К.
    • |
    • 16.03.2016

    Ең басты білім алу, дәстүрді ұмытпау керек. Өте орныды айтылды - "Білімсіздік бүлікке бастайтынын ұмытпайық
    Басқаларға қарағанда біздің мемлекетте бәрі тыныш.
    Алла Тағала елімізге береке, халқымызға бірлік нәсіп етсін! Әмин!

    • Мирас Д
    • |
    • 16.03.2016

    Халайық сабырлы болайық. Онда бәрі дұрыс болады.

    • Темірбаев Талғат
    • |
    • 16.03.2016

    О дегенай өте орынды. ҚМДБ-ның ұстанымы шықты ғой. Осы енді бәріне жеткізу керек.

    • Темірбаев Талғат
    • |
    • 16.03.2016

    Хамза қайтадан оқып шық қалай түсінбейсін. Бәрімен не болған

    • Абу Бакр
    • |
    • 16.03.2016

    Хамза, ұзын сөздің қысқасы ҚМДБ мектептерде киім үлгісін қабылдауда, мектеп акімшілігін діни жолмен жүрген балалардың да тілектерін ескеруге сұрайды.

    • Абу Бакр
    • |
    • 16.03.2016

    ҚМДБ-ның ұстанымы өте орынды шықты. Дінді де, мемлекетіміздің зайырлығын да ескере отырып, сыпайы түрде жеткізген ақылды жұртымыз жасасын

    • Абу Бакр
    • |
    • 16.03.2016

    Талғат, бәріне жеткізу туралы ынтаң түсінікті, бірақ бұл жұмысты мемлекетіміздің әр мешітінде Аллаһ жолында құлшылық жасап жүрген имамдар қалған мұсылман бауырларымызға жеткізгені абзал. Мектептегі киім үлгісі туралы шешімді, біраз мұсылман дұрыс түсіне қоймайды. Бір аяттарды оқып ап, ол аяттардың тәпсіріне көңіл аз бөле отырып, өзге мұсылман бауырлар демек, имамдармен салыстырғанда өздерін артық сезінеді. Осындай тәкапарлықтың зардабын шегіп жүрген Иблистің тағдырын ұмытпайық.

    • Хамза
    • |
    • 16.03.2016

    Бул жерде жалпы халыктын тусинигин ескеру керек. Коп адам КМДБ нын устанымы "такпай ак койса да болады" деп тусинип жатыр

    • Мухамеджан
    • |
    • 16.03.2016

    Ия, халыққа кішкене түсініксіз болуы мүмкін. Дегенмен, ҚМДБ-ның хижапқа қатысты қателеспесем 2013 жылы пәтуасы шығып қойған болатын. Ол жерде толық жазылған.

    Бұл ұстаным тек мектеп формасына қатысты болғандықтан ол пәтуаны толық келтірмей, орамалдың парыздығын мына қатарда білдіріп кеткен сыңайлы.

    Ислам діні мұсылман ер мен әйелдерге әуретін жауып, шариғат әдебі бойынша киінуді міндеттеген. Үйден тыс, қоғамдық орындарда ұзын етек-жеңді киім киіп, орамал тарту мұсылман әйелдің ары мен абыройын сақтайды.

    Қасиетті Құранда Алла Тағала: «Уа, Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және иман келтіргендердің әйелдеріне айт: үстеріне жаулықтарын жамылсын...» («Ахзап» сүресі, 59-аят) деп бұйырған.

    • Мухамеджан
    • |
    • 16.03.2016

    Ал, мына қатардағы сұранысы тікелей мектеп формасына қатысты айтылған өтініштері деп білемін:
    Діни басқарма қыздарымыздың дәстүрімізге сай, ұзын етек, ұзын жең киім киіп, орамал тартып, инабатты болып жүруін тілейді. Осы ретте мектеп әкімшіліктері мен қоғамдық кеңестерінен жергілікті мектептерде киім үлгісін қабылдауда мұсылман жамағатының тілегін ескеруді сұрайды.

    • Мухамеджан
    • |
    • 16.03.2016

    Шынында елімізде орамалға түбегейлі қарсы заң қабылданған жоқ қой. Бұл жәй ғана бір мекеменің министрлік болса да ішкі бұйрығы ғана (Заң емес) емес пе?! Муфтият оны да атап өтіпті. Бұған бола даурығатын мәселе емес деп ойлаймын. Ата Заңымызда орамалға еркіндік берілген болса неден қорқасыздар?

    • Айгерим
    • |
    • 16.03.2016

    мектептерлерде оқушылардың арасында киімнің ерекшеліктері болмауы тиіс, сонымен қатар оқушылардың киімине қойылатын талаптар ертеден келе жатқан тәжірибе


    • Айгерим
    • |
    • 16.03.2016

    зайырлы мемлекеттің зайырлы ұрпағы ретінде біздің қоғам салт-дәстүрді құрметтейтін, ұқыпты киім киетін, отансүйгіш ұл-қыз тәрбиелеуге міндеттіміз

    • Umar
    • |
    • 16.03.2016

    Еліміз конституцияға сәйкес зайырлы болғаннан кейін біз ең бастысы білім алудағы талаптарды бірінші орынға қойғанымыз жөн.

    • Абу Бакр
    • |
    • 16.03.2016

    Мұхамеджан, жұртымыз мемлекеттің зайырлығы дінге қарсы шығу деп ойлаганы мені қапы қалдырып отыр!) зайырлық деген дінге қарсылық емес, ол дін мен саясатты болек ұстау дегенді білдіреді. Мемлекетіміздің зайырлығы - еш дінді басқалардан артық санамаумен қатар, еш дінге қарсы шықпаумен сипатталады.

    • Абу Бакр
    • |
    • 16.03.2016

    Айгерим, сізбен толықтай келісемін) дамыған елдерде оқушылар белгілі бір мектептің түлегі болумен, сол мектептің өзіне ғана тән киім үлгісін киген үшін мақтан етеді. Ондай мақтаныш, мектепте оқып жүрген сабақтардан жоғары баға алуға ынталандырады!

    Мектепте сінген білім арқылы престижді жоғарғы оқу орындарына түсіп, болашақта үлкен маман болуына себеп болады!

    • Мухамеджан
    • |
    • 16.03.2016

    Umar, мәлімдемеде "Діндар азаматтар қоғамнан бөлек өмір сүрмейді. Дініміздегі бойұсыну – негізгі міндеттердің бірі. Сондықтан мұсылмандар заңға құрметпен қарайды" делінген. Дұрыс, Конституцияға сәйкес еліміз зайырлы мемлекет болып табылады. Еліміздің зайырлы сипатын тек шектен шыққан жат ағымдық мұсылмандар болмаса барша мұсылмандар мойындап, құрметпен қарайды деген ойдамын. Дегенмен, сол Конституцияның өзі азаматардың бостандығы мен діни сеніміне де еркіндік беретінін естен шығармағанымыз абзал. Зайырлылық дінсіздік дегенді білдірмейді ғой.

    Бұл жерде "білім алуды бірінші орынға қою қажет" деген секілді сөздермен білім алу мен орамалды бір-біріне қарсы қоюға болмайды. Білімді де алу қажет, шариғатымыз бекіткен міндет - орамалды да тағуға рұқсат берілуі тиіс. Орамал тағуға рұқсат беру білім беру үдерісінің зайырлылық принципіне қарсы келеді деп ойламаймын.

    • Мухамеджан
    • |
    • 16.03.2016

    Айгерим, "Зайырлы мемлекеттің мұсылман өкілдері басым ұрпағы ретінде біздің қоғам барша дін өкілдеріне құрметпен қарап, салт-дәстүрді қәдірлейтін, ұқыпты киім киетін, иманды һәм отансүйгіш ұл-қыз тәрбиелеуге міндеттіміз" десек қатып кетеді екен.

    • Мухамеджан
    • |
    • 16.03.2016

    Айгерим, оқушылардың киіміне қойылатын талаптар ертеден келе жатқан тәжірибе екендігі рас. Оқушылардың киімінде ерекшеліктер болмай, біркелкі киім болғаны жақсы әрине. Бұл жерде орамал тартамын дейтін оқушы қыздарға мектеп формасына сай етіп орамалдар шығаруға да болады. Сонда Құдай да риза қоғам да тыныш болар еді. Әрі Кеңестік тәжірибедегі талаптардың өзінде орамалға тыйым салынбаған еді. Көптеген оқушы қыздар мен мұғалім апайлардың орамал тартып сабақта отырған естелік суреттерден көріп жүрміз.

    • Жайық
    • |
    • 16.03.2016

    ҚМДБ-ның ұстанымы өте орынды. Мектептегі киім үлгісі біркелкі болуы тиіс дегенге саяды, мемлекеттің де ұстанымы осы ғой.

    • Хамза
    • |
    • 16.03.2016

    Министрликтин бул шешими жау жок жерден жау издеу арекети гой. карапайым дастурли мазхаб устанатындардын ози наразы, осыдан кейин деструктивти агымдар кайдан шыгады деп тан каламыз. Ертен салафиттердин тобын осы наразы топтар толтырмасына ким кепіл

    • Айкаракоз
    • |
    • 16.03.2016

    Басқарма өте дұрыс пәтуа шығарып отыр. Мектептегі тәртіпке барлығы да бағыну қажет. Мектеп киім үлгісі деген ол балалардың арасындағы теңдік. Бар назарын сабағына бөлсін, "Ертең не кием?", "Менің ата-анам қашан маған осындай қымбат киім алып береді?" деген сұрақтар баланың басын қатырмайтын болады.

    • Алтынай
    • |
    • 16.03.2016

    ҚМДБ-ның мәлімдемесінен Мектептегі киім үлгісі біркелкі болуы тиіс дегенді көріп тұрғаным жоқ. Қайта орамалды қолдап, мұсылмандардың тілектерін ескерсе деп тұр емес пе. Білім министрлігі осы талаптарды ескереді деген үміттемін. Еліміз тыныш болып, балаларымыз білімді азамат бола берсін

    • Ғайни
    • |
    • 16.03.2016

    Мектеп білім алу ордасы болғандықтан, бастысы киім үлгісіненгөрі ондағы білім сапасы мен тәрбиеге мән беру керек сияқты

    • Мухамеджан
    • |
    • 16.03.2016

    Хамза, Министрліктің бұл әрекеті жау жоқ жерден жау іздеу деп ойламаймын. Олар да мектептерді бір жүйеге келтіру үшін тер төгіп жатыр ғой. Дегенмен, бір қателігі мұндай шешім шығарарда қоғаммен, ата-аналармен және діни жағын қамтығандықтан барша конфессия өкілдерімен кеңесіп шығару керек еді.

    Ең болмағанда осы муфтиятпен және проваславтардың басшысымен кеңескенде орынды шешім шығар еді. қайталап айтамын, мұсылмандар біркелкі формаға қарсы болмайды. Тек, орамалға рұқсат берілсе болғаны.

    • Оқушы
    • |
    • 16.03.2016

    Жақсы болды! Толыққанды зайырлы білім алуға барлығы да құқылы. Мектептегі киім үлгісін де барлығы қолдау қажет.

    • Айдар
    • |
    • 16.03.2016

    Құрметті қауым ! Орта мектептегі оқушылардың біркелкі киім үлгісі туралы мемлекеттің жарғысы орынды болды және де баланың тәрбиесіне, санасына тек қана жақсы әсер ететініне үміттемін . Біркелкі оқушы формасы-зайырлы мемлекеттің бір белгісі ретінде де айтуға болады. Заң алдында барлық адам бірдей. Мысалы: Кедей оқушының қысылуы бай оқушының алдында жойылады. Олардың өз-арасында бір-біріне қарым қатынасы бірдей және емін-еркін болады. Құрметті жамағат ! Мектепте басты мақсат - білім алу, дағдыларын жетілдіру ! Осыны Ұмытпайық. Ішкі адамның жан дүниесі (білімі=жүрегі, мінез-құлқы,тәрбиесі) сыртқы формадан Жоғарырақ!

    • Мухамеджан
    • |
    • 16.03.2016

    Айкаракоз, дұрыс айтасыз. Білім алып жатқан баланың басын қатырмау қажет! Сол үшін білім алуға тең құқылы мұсылмандар қыздар да орамалы үшін алаңдамай білім алып, еліміздің ұлтжанды һәм иманды белсенді азаматы болуына күш салуы қажет.

    • Мирас Д
    • |
    • 16.03.2016

    Айкаракоз, дұрыс айтасыз. Бірақ ондай мәселе әке-анасы шешеді ғой, әлде басқаша болады ма. Ол үшін білім министрлігі сол мәселені пысықтау керек

    • Мухамеджан
    • |
    • 16.03.2016

    Мұндағы пікірлерді оқи отырып, қандай іс-шара болмасын мұғалімдерді жегіп қоятын біреулер мұғалімдерге мектеп киімін қолдап пікір қалдырыңдар деген тапсырма берген ба деп қалады екенсің. ))))

    • Мирас Д
    • |
    • 16.03.2016

    Ең басты балаларымыз білімді азамат бола берсін, ал киім жағынан уақыт шешеді. Сабырлық сақтау керек емеспе

    • Темірбаев Талғат
    • |
    • 16.03.2016

    мүмкін сабырлы атеизмді қайта орнату керек))) ең басты мемлекетімізде тыныш болсын

    • Мухамеджан
    • |
    • 16.03.2016

    Құрметті, Айдар мырза! Орта мектептегі оқушылардың біркелкі киім үлгісі мемлекеттің жарғысы емес. Ол бір ғана министрліктің ішкі бұйрығы ол заң емес. Және ол мектеп формасының біркелкілігі жөнінде емес мектептегі киімдерге қойылатын жалпы талаптар туралы.

    Біркелкі киім кисін деген мәселе жоқ ол бұйрықта. Және біркелкі киім бай мен кедейдің арасындағы айырмашылықты жояды деп кім айтты? Байдың баласы бәрібір кедейдің баласынан ерекшеленудің амалын табады. Ондай болса, ең озық телефондарды мектепке ұстап келуді, ата-аналардың қымбат көліктермен балаларын мектепке әкелуден тыйсын! міне, сонда ғана кедей баласы байдың баласына қарамайтын болады.

    • Мухамеджан
    • |
    • 16.03.2016

    Дұрыс, Ішкі адамның жан дүниесі (білімі=жүрегі, мінез-құлқы,тәрбиесі) сыртқы формадан Жоғарырақ! Орамал тек сыртқы форманың әңгімесі емес жоғарыдағы ұстанымды жақсылап оқыған боларсыздар. орамал тарту әрбір балиғат жасына толған қыз баласына Алла Тағаланың қасиетті кітабымыз Құранда келген бұйрығы:

    «Уа, Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және иман келтіргендердің әйелдеріне айт: үстеріне жаулықтарын жамылсын...» («Ахзап» сүресі, 59-аят) деп бұйырған.

    • Мухамеджан
    • |
    • 16.03.2016

    Темірбаев Талғат, Қой, Құдай сақтасын! Жаманның сандырағы келеді болып жүрмесін)))

    Талай арыстарымыздан айырған атеизмді Аллам өзі аулақ қылсын!

    • Хамза
    • |
    • 16.03.2016

    форманы баримиз колдаймыз орамал тактыртса болды

    • Алтынай
    • |
    • 16.03.2016

    Мектептерде біркелкі киімді бәріміз де қолдаймыз!!! Тек, орамал тағу әрбір қызбаланың өз құқығы әрі мұсылмандық міндеті екендігін қаперге алып, рұқсат берілсе болды

    • Хамза
    • |
    • 16.03.2016

    Дурыс айтасыз Алтынай! Ең бастысы иманды кыздарымыздын кукыгы сакталса. Оку жуйесинин онсыз да олкылыктары коп кой шешилмеген.

    • Мирас Д
    • |
    • 16.03.2016

    Алтынай, иман да дұрыс, бірақ ең басты ол тәрбие. Иман ішінде болі керек, а сыртқы формасы катты қажет емес

    • Мирас Д
    • |
    • 16.03.2016

    мектеп формасы мәселесі шешілді, орамал киюге ішкім тийым салған жоқ қой, не үшін шу басылмайды

    • Мухамеджан
    • |
    • 16.03.2016

    Құрметті Мирас Д! Иман мен тәрбиені ең бастысы мынау екіншісі анау деп бөліп жаруға, бір-біріне қарама-қарсы қоюға болмас. Бұл екеуі бір-бірін қуаттайтын бір-бірінен ажырамас құбылыстар деп қарауымыз қажет. Бала үшін ата-ананың екеуінің де рөлі қандай болса жас ұрпақтың ертең ұлтжанды, адамгершілігі мол тұлға болып қалыптасуы үшін иман мен тәрбиенің рөлі бірдей маңызды.

    Тағы бір атап өтетін нәрсе, ол - мұсылман қыздарының орамал тағуы өзгелерден ерекшеленейін деген ниеттен туындамағандығы, керісінше Аллаға және ақіретке иман келтіріп, иман жүрегіне орныққандықтан Алланың әміріне қарсы келе алмағандықтары екендігі.

    Менің ойымша, бұл шуды тек Білім министрілігі ғана осы орамал дауына қатысты пікірін білдіріп баса алады. Ол пікір не осы шуды басады не арттырады. Менің білуімше олар бұл шудан кейін әлі ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.


    • Мухамеджан
    • |
    • 16.03.2016

    Құрметті, Хамза! Аллаға, ақіретке иман келтірген мұсылман емеспіз бе?! Олай болса діни мәселеде басшыміз болып табылатын Муфтиятқа бағынайық.

    ҚМДБ осы мәлімдемесі арқылы мұсылман үмметінің байсалдығын паш етіп отыр емес пе?! Әлде біздің дініміз эмоцияның діні ме?! Жоқ, әсте олай емес! Дініміз - ақылдың және байсалдықтың, білім-ғылымның діні. Сондықтан да эмоцияға берілмей кемшіліктерді тізе берудің қажеті жоқ деп санаймын. Бұл мәселені ұшықтыру дұрыс емес деді ғой. Бәлкім өзара келіссөздер жүргізіп жатқан болар! алладан соны үміт етейік!

    "Кең болсаң кем болмайсың" дейді емес пе?! Кемел адам да, кемел мекеме де кемел жүйе де жоқ. Барлық жерде қателік-кемшілік болады. Оны бетке басудан түзетуге тырысуымыз адамдық һәм азаматтық болады.

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтқа тіркелуіңізді немесе құпия сөзді қолданып, кіруіңізді сұраймыз.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалыққа жазылу