Жетім көрсең жебей жүр

Тәуелсіздік күні Орал облыстық орталық мешітінің бас имамы Руслан Султанов Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан облыстық балалар үйіне барып арнайы құттықтау тілегін жеткізді.

Бұл шараға облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері әзірлеген мерекелік концерттік бағдармаласымен басталды.  Балалар  жүректер жарды жыр шумақтарын айтып, әсем әндерімен жиылған қауымды өздеріне баурап алды.

Мерекеде  облыстық орталық мешітінің бас имамы сөз алды:

Ата-бабаларымыз сан-жылдар  аңсаған, ұлан байтақ жерімізді ақ білектің  күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, бұл жолда қаншама   аға-апаларымыз жандарын құрбан етті десеңші. Міне, бұл тәуелсіздікке біздер жетіп отырмыз. Еліміз өркендеп,  мешіттеріміз қазақ даласында бой көтеріп, имандылық жолына жастарымыздың бойы ұсынып жатқаны баршамыздың жүрегімізді жылытады. Иманды жас ұландарымыз көп болса, онда біздің өміріміз нұрлы болатынына сенімім мол,-деді Руслан қажы Тыныштықұлы.   Тәуелсіздік мерекесіне орай ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы атынан балаларға арнайы сыйлықтарын  табыс етті.   Облыстық балалар үйінің әлеуметтік педагогы  Гулдана Бауыржанқызы, шәкірттер Үміт Очилдиева,Диас Тажулиев, Жанболат Баяндиев  сөз алып,   Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфтиге Ержан қажы Малғажыұлының бастаған игі ісіңе ризашылықтарын жеткізіп,дендеріне саулық, жүректеріне имандылық, еңбектеріне толағай табыстар тіледі.

Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМБД-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтқа тіркелуіңізді немесе құпия сөзді қолданып, кіруіңізді сұраймыз.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалыққа жазылу