Атырау: Семинар тыңдаушыларына сертификат табыс етілді (ФОТО)

17 мамыр күні «Иманғали» мешіті жанындағы медреседе «Қоғамдағы дәстүрлі құндылықтарды нығайтудың оңтайлы әдіс-тәсілдері» атты мешіт қызметкерлері мен имамдарға арналған үш күндік курстың (семинардың) жабылу салтанаты өтті.

15 мамыр күні ашылған семинардың басты мақсаты зайырлы мемлекет саясатындағы діннің орны, зайырлы қоғамның дін туралы заңдар жүйесі мен діни көзқарас-ұстанымдарын түсіндіру. Сондай-ақ, Ислам құндылықтарын насихаттау барысында жамағатпен жұмыс жасаудың тиімділігін арттыру ісін психологиялық тұрғыдан жандандыру. Атап айтқанда, тыңдаушының құлақ құрышын қандырып, діни-тарихи санасын оятуда шешендік өнер қабілетіне жүгіну, аудиторияны баурап алудың әдіс-тәсілдері мен қыр-сырларын терең меңгерту - семинардың алға қойған басты міндеті болды.

Шараға ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы, облыстық Дін істері басқармасы басшысы Қайролла Дүйсешұлы, ҚМДБ-ның баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы қатысып, үш күндік семинарға қатысқан 40-қа тарта имамға сертификат табыс етті.

 

«Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтқа тіркелуіңізді немесе құпия сөзді қолданып, кіруіңізді сұраймыз.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалыққа жазылу