Катар: Футболдан ӘЧ-2022 өткізуге арналған бірегей стадион ашылды

Халифа стадионы

Катарда 2022 жылы өтетін футболдан Әлем чемпионатына арналып салынған бірінші стадион ашылды.

Ел астанасы Дохадағы Халифа стадионы мундиальдің басталуынан 5 жыл бұрын ашылып қойды. Спорттық арена 40 мың көрерменге арналған, ал мұның бірегейлігі – стадионның арнайы инновациялық технологиямен жабдықталғаны сондай, аренаның ішіндегі температураны жыл бойына футболистер мен көрермендерге жайлы етіп ұстап тұруында.

Естеріңізге сала кетсек, Катарда өтетін футболдан Әлем чемпионаты, дәстүрге қарамастан, 2022 жылы қыста өтеді, өйткені бұл елде жазда температура экстремалдық белгіге дейін көтеріледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтқа тіркелуіңізді немесе құпия сөзді қолданып, кіруіңізді сұраймыз.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалыққа жазылу