Атбасарда қайырымдылық шарасы өтті (ФОТО)

Биылғы қардың еруінен болған су тасқынынан Атбасар ауданының елді мекендері көп зардап шекті. Қаншама адам үй-жайынан айрылып, төтеннен келген апаттан тығырыққа тірелді.

Жақында «Науан хазірет» және Атбасар аудандық мешіттерінің ұйымдастырумен арнайы қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Аудандық мешіт алдында осындай жапа шегуші адамдарға, атап айтсақ, барлығы 141 отбасына 30 тонна азық-түлік таратылды. Оған қоса, киім-кешек пен төсек орын жаймалары да үлестірілді.

Қайырымдылық шарасы кезінде аудандық мешіттің Бас имамы Ақылбек Чопабеков пен «Науан хазірет» мешітінің іс  жүргізушісі Жүнісбек Әленов жиналған халыққа тағылымды уағыз айтты.

Бақыт Смағұл. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтқа тіркелуіңізді немесе құпия сөзді қолданып, кіруіңізді сұраймыз.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалыққа жазылу