Алматы: «Әйелдер-қыздар» секторы білім сайысын өткізді (ФОТО)

Қасиетті Құран Кәрімде: «Алла Тағала сендердің араларыңнан иман келтіргендердің сондай-ақ өздеріне ілім иелерінің дәрежесін көтеріп, мерейін өсіреді», - делінеді.

Ардақты Пайғамбарымыз  Мұхаммед: (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Әйелдер мен ерлерге білім алу парыз», - деген.

Бүгін Алматы қаласы Орталық мешітінің «Әйелдер-қыздар» секторының шәкірттері Алланың сөзі мен Оның Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өсиетіне амал етіп, "Ойы жүйрік тапқырлар" атты білім сайысын өткізді. Сайыс барысында шәкірт қыздарымызға әуелі Құраннан, хадистен әрі ақида мен фиқһ ілімінен, қазақы салт-дәстүрлерден сұрақтар қойылды. Алланың 99 есімін жатқа айтқан қыздарымыздың жарысы діни сұрақ-жауапқа ұласты. Үш топқа бөлініп сайысқан арулар арасынан «Сәлсәбил» тобы бірінші орынды иеленді. Орталық мешітіміздің Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет сайысқа түскен қыздарымызды жүлделі орындармен марапаттап, дүниедегі ең қымбат сыйлық - Құранды табыстады. Қазылар алқасының мүшесі Алматы қаласы бойынша «Әйелдер-қыздар» секторының басшысы Маржанқыз Оразанбайқызы мешіт шәкірттеріне алғысын айтты. Сайыстың өз дәрежесінде өткеніне шәкірттер де ризалығын білдірді.

 

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтқа тіркелуіңізді немесе құпия сөзді қолданып, кіруіңізді сұраймыз.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалыққа жазылу