Қызылорда: «Атамекен» балалар ауылына қамқорлық (ФОТО)

Қызылорда қаласында қамқорсыз қалған балалардыӊ отбасы жылуын сезініп, ана-тәрбиешілердіӊ мейіріміне бөленулері үшін арнайы «Атамекен» балалар ауылы қызмет жасайды.

"Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ" жобасы аясындағы бұл ауыл - ата-ананыӊ қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеу үшін қолайлы жағдайлар жасауды көздейді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі және қалалық «Айтбай» мешіті ұжымы аталмыш ауыл балаларына арнап арнайы 60 тал көшет отырғызды.

«Жалпы және жастар ісі» бөлімінің бастамасымен, бөлім жетекшісі Нұржан Пірәліұлының қатысуымен бұл бағытта осыған дейін де бірнеше көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілген болатын.

«Атамекен» ауылына балалар үшін сая болар әрі көктемгі тал отырғызуды үлгі етсін деген мақсатпен жасалған бұл шара балаларды да, ұжымды да бір қуантып тастады.

Мешіт ұжымы мен жамағаты белсене атсалысқан шараға көпшілік ризашылығын білдірді.

 

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтқа тіркелуіңізді немесе құпия сөзді қолданып, кіруіңізді сұраймыз.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалыққа жазылу