Атырауда форум құжаттары эфир арқылы халыққа насихатталды (ФОТО)

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Берденұлы 19 сәуір күні Астана қаласында өткен ІІ Республикалық имамдар форумына қатысып қайтқан еді. Осымен байланысты өкіл имам облыстық «Қазақстан-Атырау» телеарнасының «Иман нұры» бағдарламасында қонақта болып, тікелей эфирде имамдар форумында қабылданған аса маңызды діни құжаттардың алға қойған мақсат-міндеттері туралы сұхбат берді.

«Биылғы өткен «Ислам және өркениет» атты ІІ Республикалық имамдар форумында халқымыздың сан ғасырлық сенім жүйесінің елдік бедерін айқындауға септігін тигізетін  2 құжаттың көпшілікке жол тартуы – тарихи мәселе. Нақты айтқанда, форум барысында қабылданған 1-ші құжаттың «Ханафи мәзһабы мен Матуриди сенім мектебі –  Қазақстандағы Исламның дәстүрлі жолы» деп аталуы асыл дініміздің халық тарихымен біте қайнасып жатқанын көрсетеді. Бұл ретте ардақты Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) аманат болған Ислам құндылықтарын келер ғасыр ұрпағына жалғайтын имамдарымыздың кісілік, тұлғалық бет-бейнесі, кәсіби білім-өресі қандай болмақ? Осы сұраққа форум барысында қабылданған «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» атты 2-ші құжат толық жауап береді. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы атап көрсеткендей, ел мұсылмандарын бірлікке шақырып, халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын сыйлауға, зайырлылық қағидаттарын ұстануға, жат ағымға қарсы күресте батылдық танытуға үндейтін бұл құжаттардың ел руханиятына зор үлес қосып, қоғам дамуына, ішкі тұрақтылықтың сақталуына серпін беретініне сенімім мол», – деді Батыржан Берденұлы өз сөзінде.

Өкіл имам тікелей эфир барысында қойылған сұрақтарға жауап беріп, форум құжаттарының стратегиялық бағыт-бағдарын түсіндірді.

 

«Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтқа тіркелуіңізді немесе құпия сөзді қолданып, кіруіңізді сұраймыз.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалыққа жазылу