ШҚО: Ақсуатта семинар өтті

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуатта діни бірлестіктер мен байланыстар жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Шараға ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы бастаған имамдар қатысты.

Жиында өкіл имам «Ислам - бейбітшілік пен тұратылық діні» атты тақырыпта баяндама жасады.

«Ислам - ежелден тұрақтылық пен бейбітшіліктің бастауы. Қасиетті Құранда және ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистері мен өсиетнамаларында тыныштық пен тұрақтылық насихатталады. Біз асыл дініміздің бейбітшілік пен адамгершілік құндылықтарын барынша насихаттап, еліміздегі татулыққа үлес қосуға тиіспіз», - деп атап өтті ол баяндамасында.

Шараға қатысушылар салиқалы ойларын айтып, ынтымақ пен тұрақтылыққа үлес қосу және оны баянды ету туралы пікірлерін ортаға салды.

Тарбағатай ауданының әкімі ауылдарды діни мамандармен қамту туралы өкілдіктің бастамасын қолдайтындығын айтып, қызметке келетін имамдардың әлеуметтік мәселесін шешуге уәде берді.

Шара соңында семинарға жиналған имамдар «Адасқандар» атты қойылымды тамашалады. 

 

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтқа тіркелуіңізді немесе құпия сөзді қолданып, кіруіңізді сұраймыз.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалыққа жазылу