Қызылорда: Азаншыларға арналған семинар өтті (ФОТО)

Құлшылығына мығым жамағаттың жиылып бес уақыт намаз оқуындағы азанның, сол азанды айтатын азаншының маңызы өте зор. Азанның діндегі орны да бөлек.

Осы мақсатта азанның сапасын арттыру, азаншыларға азан айтудың маңызы мен тәртібін жете түсіндіру мақсатында, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде семинар өткізді. Семинарға барлық қалалық мешіттің азаншылары қатысты.

Семинарды орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің Бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы жүргізді. Сондай-ақ, мешіт ұстаздары, азан айтудың сапалы үлгісін қалыптастырған жергілікті мешіт мамандары сабақ жүргізді.

Семинар барысында азан және азан айтуға қатысты біршама мәселелер қамтылып, оның жолдары түсіндірілді, яғни азанды дұрыс әрі қатесіз айту, азанның махраждары, әдептері, азанды мақамына келтіріп айту, қамат және таң намазы азанының айтылуы бағытында сабақтар  жүрді.

Қатысушы азаншылар семинардан өздеріне қажетті мол мағлұмат ала білді.

 

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

 мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтқа тіркелуіңізді немесе құпия сөзді қолданып, кіруіңізді сұраймыз.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалыққа жазылу