Қостанай: «Ата салтым – асыл қазынам» (ФОТО)

Қазақ халқының қасиетті ата салты, әдет-ғұрпы ежелден Ислам шариғатымен ұштаса қалыптасқан. Жуырда Қостанай қалалық мешітінде  «Ата салтым – асыл қазынам»  атты рухани кеш болып өтті.

Бұл басқосуды аталмыш мешіт пен Ы.Алтынсарин атындағы мемориалдық мұражайының ұжымы бірлесе  өткізді.       

Жиынға Ақылбек Шаяхмет пен Нағашыбай Мұқатов сынды елімізге белгілі ақындар әрі ғалымдар қатысты.

Рухани кештің мән-маңызын Бас имам Шоқан Ғазизұлы түсіндірді. Содан кейін қарымды қаламгер Ақылбек Шаяхмет Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен тағылымды ғұмыры жайлы әңгімеледі.

Онда кейінгі жастарға тағылым ретінде «Неке қию» рәсімінен көрініс қойылды. Сондай-ақ, тұсау кесер рәсімі де өткізілді. Оны өңірімізге аса танымал ақын  Нағашыбай Мұқатов өткізіп, нәрестеге ақ батасын берді.

Қос қаламгерге де қазақтың салты бойынша құрмет көрсетіліп, иықтарына шапан жабылып құрметтелді.

Ал, облыстық Ыбырай Алтынсарин мұражайының қызметкерлері салт-дәстүрге қатысты слайдтар көрсетті.

Кеш соңында қалалық мешіттің Бас имамы Шоқан қажы Әмірханов келген қонақтар мен жиналған студенттерге шынайы алғысын білдіріп, арнайы  жайылған дастарханнан дәм татты.

 

ҚМДБ-ның Қостанай облысы

бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтқа тіркелуіңізді немесе құпия сөзді қолданып, кіруіңізді сұраймыз.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалыққа жазылу