Бірде-бір шеге қағылмаған мешіт 2 ғасыр бойы жұмыс істеп тұр

XIX ғасырдың басында Боснияның Бужим қаласында пайда болған ағаш мешіт әлі күнге дейін жұмыс істеп тұр.  Жергілікті ағаш ұсталары бұл мешітті ескіше, бірде-бір шеге қақпай салған екен.

Бұл мұсылман мешітін салған кезде Босния Осман империясының құрамында болған көрінеді. Тіпті Осман губернаторы қол қойған тарихи құжат та сақталыпты, деп хабарлайды ntdtv.ru.

Оның жер көлемі шамамен 300 шаршы метр. Бір уақытта 1000-ға жуық адам намаз оқи алады

«Сол уақытта жаңа технология бұл жерге жетпегендіктен, шеберлер ғимараттарды ескіше сала берген», - дейді имам Эмин Гросиц. Оның айтуынша, мешітті салғанда бір шеге, не бір металл тетік қолданылмаған. Ғимарат еменнен салынған екен.

Мешітке жақын мұнаралары салынған. Жоғарыға апаратын айналмалы ағаш саты бар. Мұнараны айнала балкондар салынған.

«Егер мешітке қатты жел соғып тұратын көктем кезінде келсеңіз, оның қалай шайқалғанын көріп әрі тоқыма себет сияқты сықыр-сықыр етіп тұрғанын естисіз», - деп атап өтті Гросиц.

2003 жылы мәдени мұраны сақтау жөніндегі босниялық комиссия Бужимдегі аталмыш ағаш мешітті  қорғалатын сәулет ескерткіштер тізіміне қосқан.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтқа тіркелуіңізді немесе құпия сөзді қолданып, кіруіңізді сұраймыз.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалыққа жазылу