Дубай таксистері ұмытшақ клиенттерге 44 келі алтындарын қайтарып берген



Дубайдағы такси

Дубайдың таксистері өздерінің ұмытшақ клиенттеріне 44 келі алтындарын қайтарып берген. Бұл жөнінде Әмірліктің транспорт және жол басқармасының баяндамасында хабарланған.  

Таксистердің тапқан ең қымбат олжалары - 20 және 24 келілік алтындары бар екі сөмке болған.  Алтындар иелеріне бәз қалпында қайтарылған екен.

Бұдан бөлек, таксиде ұмытылып қалатын дүниелердің ішінде  – кілттер, әмияндар, төлқұжаттар, күн көзіне киетін көзілдіріктер, киім-кешектер және электронды қондырғылар.  

Ұмыт қалдырылған дүниелердің бірі қалмай заңды иелеріне қайтарылғандығы хабарланған. Соңғы жылы таксиде жолаушылар өз балаларын ұмыт қалдырғандығы жөнінде Дубайда есте қаларлық екі оқиға орын алған. Бұл балалар да аман-есен ата-аналарына қосылған болатын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтқа тіркелуіңізді немесе құпия сөзді қолданып, кіруіңізді сұраймыз.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалыққа жазылу