Есту қабілеті нашар жандарға азық-түлік берілді

Ардақты Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінің бірінде: «Садақа Алланың азабын сөндіреді және қайғылы қазадан қорғайды» деген болатын. Яғни берген садақаңыз сізді сауабымен ғана сүйіншілемей, өзге жамандықтардан да қорғайды.

17 наурыз күні Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті жанынан құрылған «Сен де үлес қос!» акциясының аясында есту қабілеті нашар жандарға көмек көрсетілді. Қайырымдылық шарасы Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тікелей тапсырмасымен, «Мүгедек жандарға қамқор болайық!» атты  игі бастаманың аясында жүзеге асырылды. Әз-Наурыз мерекесінің қарсаңында оларға азық-түлікпен жәрдем берілді.

Елімізде есту қабілеті нашар 701 адам есепте тұр. Оның ішінде, 70-і жұмыс жасайды. Ұлыстың ұлы күнінің қарсаңында мүмкіндігі шектеулі мұндай жандардың жүректеріне жылу, жүздеріне қуаныш сыйлап, жақсылыққа себеп болған жандарға Алла разы болсын дейміз!

 

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің

баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтқа тіркелуіңізді немесе құпия сөзді қолданып, кіруіңізді сұраймыз.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалыққа жазылу