Маңғыстауда қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды

Маңғыстау облыстық орталық мешіті көп балалы және жесір аналарға қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Бүгінгі қайырымдылық шарасына облыстық мешітте тізімде тұрған 25 отбасы шақырылып, қаржылай көмек көрсетілді. Мешіт жамағаты есімін айтпауды өтініп, өзінің зекетін беруді ұйғарған болатын. Маңғыстау обылысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков зекет ретінде берілген қаржыны мұқатж жандарға таратып берді. Сонымен қатар, мешітке келуге мүмкіндігі болмаған жалғызбасты әрі 70-ті алқымдаған Камила есімді қарт әженің үйіне барып, көңілін сұрап, қажетті азық-түлік қалтасын берді.Бала-шағасынан айрылған кейуана көңілін сұрап келген өкіл имамға ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

Маңғыстау облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтқа тіркелуіңізді немесе құпия сөзді қолданып, кіруіңізді сұраймыз.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалыққа жазылу