Алматыда «Әжелер мектебі» ашылды

Алматы қаласында "Жалпы және жастар ісі" бөлімі жанынан құрылған "Әйелдер-қыздар" секторы күн тәртібінде қыздарға тәрбие беру жолдарының қыр-сырларын реттеу жұмысын алға қоюда. Осы бағытта Алматы орталық мешітінің қолауымен дастархан жайылып, әжелерімізбен кездесу өтті.

Шараға Алматы орталық мешітінің атынан Дулатбаев Жорабай имам қатысты.

«Ғибраты мол асыл әжелер» тақырыбымен ұйымдастырылған басқосуда әйел-қыздар секторының жетекшісі Ахметова Маржанқыз әжелерімізбен етене араласу қажеттігін, ол кісілердің жастарға берер өмірлік тәжірибелері көп екенін және қазіргі таңда ақсап жатқан дәстүрімізді тірілту жолында теңдессіз үлес қосатындықтарын жеткізді.

Шара барысында әжелеріміз насихат айтып, қазақы ұлттық дәстүрімізден сыр шертті.

Алматы орталық мешіті баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтқа тіркелуіңізді немесе құпия сөзді қолданып, кіруіңізді сұраймыз.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалыққа жазылу