«Әзірет Сұлтан» мешітінің командасы «Теңбіл доп» турнирінің жеңімпазы атанды (ФОТО)

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің «Сұлтан» командасы қала мешіттері арасында өткен «Теңбіл доп» футбол турнирінде топ жарып, бас жүлдені қанжығасына байлап қайтты. Кеше Елордамыздағы сегіз мешіттің имамдары мен жамағатынан және «Астана» медресесінің қызметкерлерінен жасақталған 10 команда өзара бақ сынасып, спорттық шеберліктерін сынға салған болатын.

«Әл-Ғани» мешітінің бас имамы Бағдат Абдукаримовтың мұрындық болуымен өткен доп додасының қызуы жанкүйер жамағаттың жанын жылытып, ұлық мереке қарсаңында ынтымаққа ұйыта түсті. Айтулы аламанның ашылу салтанатында сөз алған «Нұр Астана» Орталық мешітінің наиб имамы Нұрлан Рамазан да спорттық сайыстардың тәнді шынықтырумен қатар, жамағатты біріктіруге де үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

Жанкүйерлердің делебесін қоздырған жасыл алаңдағы жанталастың қорытынды нәтижесінде «Әл-Ғани» мешітінің «Есіл» командасы ІІІ орынға табан тіреді. Ал, ақтық сайыста «Сұлтан» командасына жол берген «Арландар» тобы (Кунта қажы мешіті) ІІ орынды місе тұтты. Жеңімпаз командаларға ақшалай сыйлық табысталып, арнайы дипломмен марапатталды. Дүбірлі доп додасының көрігін қыздырған басқа да командаларға ынталандыру сыйлықтары мен сертификаттар берілді.

 

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтқа тіркелуіңізді немесе құпия сөзді қолданып, кіруіңізді сұраймыз.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалыққа жазылу