«Намаз – діннің тірегі» мобильді қосымшасы

Құрметті, бауырлар!

Алланың қалауымен бүгінгі қасиетті Құрбан айт мерекесінің қарсаңында Намаз оқып үйренушілерге арналған мобильді қосымшамызды іске қостық.


Қосымшаны жүктеңіз


Бұл қосымша Ислам ғибадатының бастауы, діннің дінгегі, иманның нұры, мүміндердің миғражы болып саналатын ерекше құлшылық – «Намаз» жайлы толық әрі жан-жақты мағлұмат береді.
Сонымен қатар, Жаратушы Алланың разылығына бөлейтін ғибадат көздерінің ең үлкені және ең маңыздысы болып табылатын Намаздың оқылуын үйретеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми www.muftyat.kz сайтының әзірлеуімен жасалынған бұл қосымшада Әбу Ханифа мәзһабының негізінде намаз оқудың фото және бейне үлгілері берілген.

Намаз – ақыретте ең алғаш сұралатын амал. Осыған орай Әбу Хұрайра (р.а.) мына хадисті жеткізген: «Қиямет күні пенденің амалдарынан ең әуелі есепке алынатыны – намаз. Намазы дұрыс болса, онда пенде қуанышқа бөленіп, игілікке қол жеткізеді. Ал намазы дұрыс болмаса, онда күйзеліске ұшырап, қатты қайғырады. Егер пенденің парыз амалында кемшілік болса, Хақ тағала «Нәпіл амалдары бар ма екен? Сонымен парыздарының кем-кетігін толтырсын» – дейді. Әлгінің басқа амалдары да осы тәрізді есептеледі» (Тирмизи, Сунән, 2/269). 
Бүкіл шарттарына сай толық орындалған намаз – Алла тағала жақсы көретін істердің ең мәртебелісі. Пайғамбарлардың сүннеті. Періштелердің ең сүйкімді ісі. Жер мен көктің нұры. Тән саулығының қайнар көзі. Рызық-несібенің берекесі. Дұғалардың қабыл болуына септігін тигізетін себептердің үлкені. Жан алғыш періштеге араша түсетін шапағатшы. Қабір әлемінде Нәңкір мен Мүңкір атты періштелердің азабынан құтқаратын жауап. Қиямет күнінде – жанға сая. Жәһаннам отына тосқауыл қоятын перде. (Қылдан жіңішке, қылыштан өткір) Сират көпірінен жай отындай жарқ еткізіп өткізетін пырақ. Жұмақтың кілті. Жұмақ жұртының киер тәжісі. Алла Тағала мүміндерге намаздан маңызды құлшылық жүктемеген. Егер намаздан артық ғибадат түрі болғанда, Алла тағала құлдарына соны міндеттер еді. Шын мәнінде, періштелердің бір шоғыры ұдайы намаздың қиямында, тағы бір бөлігі үнемі рукуғта, тағы бір тобы сәждеде, енді біреулері тәшәһһуд қалпында құлшылық етіп тұр. Міне, осылайша құлшылықтың хикметке толы қасиеттерін бір рәкағат намазға жинақтап, мүминдерге сыйлады. Ақиқатында, намаз – иманның басы, діннің тірегі, Исламның сөзі әрі мүміндердің миғражы.

Құрметті «Намаз – діннің тірегі» қосымшасының қолдануышылары! Біз алдағы уақытта қосымша қызметін жақсартып, толықтырып отыратын боламыз. Сіздердің жылы лебіздеріңіз, ұсыныстарыңыз бен сын-пікірлеріңіз қосымшаның одан әрі дамуына үлкен үлес қосатыны сөзсіз. Қосымшаға байланысты ұсыныс-тілектеріңізді мына электронды хатқоржынға жолдауларыңызға болады: muftyat@mail.ru
Қызметтер:
• Намаз жайлы толық ақпарат 
- Намаз кітабы
- Намаз түрлері
- Намаз уақыттары
• Намаз оқу үлгісі
- Фото үлгісі
- Бейне үлгісі
- Жазбаша үлгісі

• Мультимедиа
- Сүрелер мен дұғалар
- Азан және қамат

• Қосымша
- Құбыла анықтау
- Намаз уақыттары 
- Намазға қатысты терминдер

Пікірлер (21)

    • Байсейтова Диляра
    • |
    • 26.04.2016

    Ассалаумагалейкум! Айфонга калай жазып алуга болады? Айфонга шыктыма осы программа?

    • Саркин Дархан
    • |
    • 01.06.2016

    Ассаляму алейкум, айфонга таба алмай жатырмын бул программаны, Калай Тапса болады?

    • Еримбетова Алтынай
    • |
    • 06.06.2016

    Ассалаумағалейкумм!!! Сіздерден сұрарым, мен телефонға жазып алдым мобиьлдік нұсқаны. Бірақ таң намазы менде қазыргі уақытта 3-00 де, ал ораза кестесінде 3-27 деп тұр. Қайсы нұсқаға сенемін? Жауап жазсаныздар екен

    • Нұрлыбек Қуандықұлы
    • |
    • 13.06.2016

    Ассалаумағаьейкум! Айфонға шықты ма?

    • Табылдиев Максим
    • |
    • 30.03.2016

    Ассалаумагалейкум жамагат!!! Шыктыма айфонга программа

    • Нурымов Бегалы
    • |
    • 07.04.2016

    Ассалаумагалейкум жамагат!!! Айфонга шыктыма осы программа

    • Алтынбек Арманулы
    • |
    • 10.04.2016

    АссаламАльейкум ! Сурайдеведим бул праграмма windows phone плптформасында шыкса болар еди.

    • Асхат Боханов
    • |
    • 05.07.2016

    Ассалаумағалайкум мобилді қосымша өте тамаша . Сұағым бар еді . Сүрелер мен дұғаалар бөлімінде кафирун суресі жоққой . Немесе Қайдан оқып тыңдауға болады ?

    • Динара Кабыкен
    • |
    • 06.09.2016

    Салеметсиздер ме!Ұялы телефоныма Play Market программасынан жүктеп алдым. Тез ари жылдам жүктеледі екен. Кез-келген ұялы телефонға жазылады деген ойдамың.
    Комегим тиіп жатса куаныштымын.))

    • Тортай Таншолпан
    • |
    • 18.10.2016

    Салеметсиздерме? Мобильдик косымшаны тел кошире (жуктей) алмай жатырмын..калай жазып алуга болады айфонга

    • Тортай Таншолпан
    • |
    • 18.10.2016

    Салеметсиздерме? Мобильдик косымшаны тел кошире (жуктей) алмай жатырмын..калай жазып алуга болады айфонга

    • Сайт әкімшісі
    • |
    • 19.10.2016

    Уағалейкум әссалам уа рахматуллаһи уа бәракатуһ! Құрметті, сайт қолданушылары! Намаз оқуды үйрететін қосымшаның Айфонға арналған нұсқасы әзірше жасалып жатыр. Алла жазса Қараша айында іске қосуды жоспарлап отырмыз. 
    Осы жылдың наурыз айында шығаруды көздеген жоспарымыз кейбір қаржылық, техникалық себептерге байланысты жүзеге аспай қалды. Сондықтан да, түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. 
    Бұл қосымшада өз бетінше "намаз уақытын анықтау", "жақын маңда орналасқан мешітті анықтау" сынды жаңа функциялар қосылмақ.   

    • Омарбек Жайлауханулы
    • |
    • 14.12.2016

    Ассалаумагалейкум! Бул мобилдик багдарлама айфонга ягни ап страна кашан шыгады? Алдында караша Айы Деп единиздер...

    • ەسىمقان
    • |
    • 03.02.2017

    قالاي تۇسىرىپ الامىز؟

    • Думан
    • |
    • 27.02.2017

    Assalaumagaleikum men androidtka jaza almai otirmin kai jerden jazadi tusine almadim

    • Даурен Мураткалиулы
    • |
    • 27.02.2017

    Ассалаумагалейкум! Айфонга осы программа шыктыма! Калай жуктеп алса болады!

    • Мырзағали Нұрберген
    • |
    • 04.03.2017

    Ассалаумағалайкум Айфонга программа шықпады ма? негізі шығама?

    • Марат Смагулов
    • |
    • 12.03.2017

    Ассалаумагалейкум уа раххматуллахи уа баракатух , менен отиниш жогарыда корсетилген мобильдик косымшаны (орыс тилиндегидей ) толыктырып Утiр Намазды толыктаса боладыма екен. Отiнiш Рахмет

    • Табылдиев Максим
    • |
    • 01.02.2016

    Айфонга барма осы программа

    • Табылдиев Максим
    • |
    • 05.02.2016

    Жауап бергенинизге коп рахмет естип куанып калдым, асыга кутип журм кашан дайын болады айта аласызба

    • Арман Қани
    • |
    • 15.02.2016

    Намаздың қарапайым ұялы телефонға арналған аудиожазбасын қайдан жүктеп алуға болады? Аудиожазба кез келген уақытта, кез келген жерде тыңдап үйренуге мүмкіндік береді.

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтқа тіркелуіңізді немесе құпия сөзді қолданып, кіруіңізді сұраймыз.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалыққа жазылу