Таң намазының 2 рәкат сүннеті (Ерлер) (ФОТО)

Таң намазы

Таң намазы 4 рәкаттан тұрады: 2 рәкат сүннет және 2 рәкат парыз.

Таң намазының 2 рәкат Сүннеті

Уақыт кірісімен, дәрет алынып дайындық жасалады.

Жүзді құбылаға қаратып, Таң намазының екі рәкат сүннетін оқуға ниет етіледі.

1. Рәкат

1: Ниет.

Ниет «Таң намазының екі рәкат сүннетін оқуға ниет еттім» – деп, іштей айтылады. Жүрекпен ниет ету – парыз, тілмен айту – мұстахап.

2. Тәкбір

Екі алақанын құбылаға қаратып, басбармақтары құлағының сырғалығына дейін келетін етіп қолдарын көтеріп, «Аллаһу әкбар» (Алла ең ұлы!)  сөзін айтып, тәкбір алады да қиямға тұрады. 

3. Қиям

 Оң қолын сол қолының үстіне қойып, бас бармақ пен кішкентай саусақпен сол қолдың білегін қапсыра ұстайды. Қос қол кіндіктен төмен тұсқа байланады. 

                 Қиямда қатарымен төмендегілер оқылады:

1) Субханәкә

 سُبْحَانَكَ اللَّهُمَّ وَ بِحَمْدِكَ وَ تَبَارَكَ اسْمُكَ وَ تَعَالَى جَدُّكَ وَ لاَ اِلاَهَ غَيْرُكَ

«Субханәкә Аллаһумма уа  бихамдика уә тәбәрәкә-смука уә тә'ала жәддукә уә лә иләһә ғайрук»

Мағынасы: Уа, Аллаһым! Сені тәсбих етіп (күллі жаратылыс пен нұқсан атаулыдан) пәктеймін. Саған «хамд» айтып, мадақтаймын. Сенің қасиетті есімің аса мүбәрак. Және де сенің ұлылығың аса жоғары. Сенен басқа ешбір Құдай жоқ.

2) «Әғузу» мен «бисмилла»

أَعُوذُ بالله مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيمِ 

«Әғузу биллаһи минаш-шайтанир-ражим,

Мағынасы: Қуылған шайтанның (азғыруынан) Аллаға сыйынамын!

بسم الله الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ

Бисмиллаһир-рахманир-рахим»

Аса рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

3) Фатиха

«Фатиха» сүресі

 اَعُوذُ بِاللَّهِ مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيم  بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَانِ الرَّحِيمِِ

اَلْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ ﴿1﴾ اَلرَّحْمَـنِ الرَّحِيمِ ﴿2﴾ مَالِكِ يَوْمِ الدِّينِ ﴿3﴾ إِيَّاكَ نَعْبُدُ وإِيَّاكَ نَسْتَعِينُ﴿4﴾ اِهْدِنَا الصِّرَاطَ الْمُسْتَقِيمَ ﴿5﴾ صِرَاطَ الَّذِينَ أَنْعَمْتَ عَلَيهِمْ غَيْرِ الْمَغْضُوبِ عَلَيْهِمْ وَلاَ الضَّاۤلِّينَ ﴿6﴾

Әғузу биллаһи минаш-шайтанир-ражим 
Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим

«Әлхамду лилләһи раббил-’аләмиин, әр-рахмаанир-рахиим, мәәлики иәумид-диин, ийәкә на’буду уа ийәәкә нәста’иин, иһдинас-сираатал-мустақиим, сираатал-ләзина ән’амта ’аләйһим, ғайрил-мағдууби ’аләйһим уәладдааал-лиин»

Мағынасы:
Қуылған шайтанның (кесірінен) Аллаға сыйынамын Рахман һәм Рахымды Алланың атымен бастаймын.
1. Барлық мадақ пен мақтаулар әлемдердің Раббы - Аллаға тән.
2. Ол Рахман һәм Рахымды.
3. Есеп күнінің, ақырет күнінің жалғыз Иесі.
4. Саған ғана ғибадат етіп, Сенен ғана жәрдем тілеп, көмек сұраймыз. 
5. Бізді тура жолға сал. 
6. Бізді өзіңнің ашуыңа, қарғысыңа ұшырағандар мен тура жолдан тайған, адасушылардың жолына емес, ырыс-береке мен ізгі-жақсылықтарыңды, ерекше шарапатыңды төккен салиқалы құлдарыңның жолымен жүргіз.

4) Құраннан бір сүре немесе кем дегенде үш аят.

«Кафирун» сүресі

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَانِ الرَّحِيمِ

قُلْ يَا أَيُّهَا الْكَافِرُونَ ﴿1﴾ لاَ ۤ أَعْبُدُ مَا تَعْبُدُونَ ﴿2

 وَ لاَ ۤ أَنْتُمْ عَابِدُونَ مَا أَعْبُدُ ﴿3﴾ وَ لاَ ۤ أَنَا عَابِدٌ مَّا عَبَدْتُمْ ﴿4

وَ لاَ ۤ أَنْتُمْ عَابِدُونَ مَا أَعْبُدُ ﴿5﴾ لَكُمْ دِينُكُمْ وَلِيَ دِينِ ﴿6

Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим

«Қул иәә әииуһәл кәфируун, ләә ә’буду мә тә’будун, уәләә әнтум ’абидуна мәә а’буд, уа ләә әнә ’абидум мә’бәдтум, уә ләә әнтум ’абидуна мәә а’буд, ләкум диинукум уәлиадин»
Мағынасы:

1. Былай де: Әй, кәпірлер!
2. Мен сендердің табынғандарыңа құлшылық жасамаймын.
3. Сендер де менің құлшылық жасағаныма табынбай-сыңдар.
4. Сондай-ақ, мен сендердің табынғандарыңа құлшылық жасаушы емеспін.
5. Сондай-ақ, сендер де менің құлшылық жасағаныма табынушы емессіңдер.
6. Олай болса, сендердің діндерің өздеріңе, менің дінім өзіме.

Осыдан кейін «Аллаһу әкбар» деп рүкүғке барады.

4. Рукуғ

Рүкүғ кезінде «субхана раббиял азим» (Ұлы Раббымды барша кемшілік атаулыдан пәктеймін!) деп үш мәрте тәсбих айтады.

Саусақтарының арасын ашық ұстап, қолды тізенің үстіне қояды. Бас пен арқа бір деңгейде болып, аяқты түзу ұстайды. Көз аяқтың ұштарына бағытталуы тиіс.

«Сәмиаллаһу лимән хамидаһ» (Алла мадақ айтқан құлын естіді!) деп рүкүғтан тұрады.

Тұрғаннан кейін «раббәнә уә ләкәл-хамд»(Уа, Раббымыз! Барша мадақ тек саған лайық) сөзі айтылады.

Содан соң «Аллаһу әкбар» деп сәждеге барады. 

5. Сәжде

Сәждеге барарда ең алдымен тізе, сосын қол, одан кейін маңдай мен мұрын жерге тиеді. Сәждеде «субхана раббиял а’ләә» (Аса Ұлық Раббымды барша кемшілік атаулыдан пәктеймін!)  деп үш мәрте тәсбих айтады.

Сәждеде шынтақтарын ашып, жерге тигізбей ұстайды. Аяқ ұшымен жер тіреп, аяқтар құбылаға бағытталады.

 Сонан соң «Аллаһу әкбар» деп басын сәждеден көтеріп тізерлеп отырады. 

7. Екі сәжде арасындағы отырыс

Отырғанда «субханаллаһ» сөзі айтылатындай қысқа уақыт кідіреді. Қолымыздың ұшы тізеге тиіп, санның үстіне қойылады.

Сол аяғын жайып, үстіне отырады. Оң аяғын тік ұстап, құбылаға бағыттайды.

Бұдан соң «Аллаһу әкбар» деп екінші мәрте сәждеге барады 

2-рәкат.

8. Қиям

Сәждеден тұрғанда: Алдымен басын көтеріп, сонан соң қолымен тізесін таянып «Аллаһу әкбар» деп қиямға тұрады.

 Оң қолын сол қолының үстіне қойып, бас бармақ пен кішкентай саусақпен сол қолдың білегін қапсыра ұстайды. Қос қол кіндіктен төмен тұсқа байланады. 

Қиямда кезегімен төмендегілерді оқиды:

1) «Бисмиллаһ»

2) «Фатиха»

3) Құраннан бір сүре немесе ең азы үш аят

«Насыр» сүресі

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَانِ الرَّحِيمِ

إِذَا جَاۤءَ نَصْرُ اللَّهِ وَالْفَتْحُ ﴿1﴾ وَرَأَيْتَ النَّاسَ يَدْخُلُونَ فِي دِينِ اللَّهِ أَفْوَاجاً ﴿2﴾ فَسَبِّحْ بِحَمْدِ رَبِّكَ وَاسْتَغْفِرْهُ إِنَّهُ كَانَ تَوَّاباً ﴿3

Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим

«Изә жәә насруллаһи уәл фатх, уа раәйтәннәсә иадхулуна фи динилләһи әфуәжә, фәсәббих бихамди раббикә уастағфирһ, иннаһу кәәнә тәууәәбә»
Мағынасы:

1-2. Алланың жәрдемі мен жеңісі келіп, адамдардың топ-тобымен Алланың дініне кіргенін көрген кезде.
3. Раббыңды мақтап дәріпте және Одан жарылқау тіле. Өйткені Ол – тәууаб, тәубаларды қабыл етуші.

Осыдан кейін «Аллаһу әкбар» деп рүкүғке барады.

9. Рукуғ.

Рүкүғ кезінде «субхана раббиял азим» (Ұлы Раббымды барша кемшілік атаулыдан пәктеймін!) деп үш мәрте тәсбих айтады.

Саусақтарының арасын ашық ұстап, қолды тізенің үстіне қояды. Бас пен арқа бір деңгейде болып, аяқты түзу ұстайды. Көз аяқтың ұштарына бағытталуы тиіс.

«Сәмиаллаһу лимән хамидаһ» (Алла мадақ айтқан құлын естіді!) деп рүкүғтан тұрады.

Тұрғаннан кейін «раббәнә уә ләкәл-хамд»(Уа, Раббымыз! Барша мадақ тек саған лайық) сөзі айтылады.

Содан соң «Аллаһу әкбар» деп сәждеге барады. 

10. Сәжде 

Сәждеге барарда ең алдымен тізе, сосын қол, одан кейін маңдай мен мұрын жерге тиеді. Сәждеде «субхана раббиял а’ләә» (Аса Ұлық Раббымды барша кемшілік атаулыдан пәктеймін!)  деп үш мәрте тәсбих айтады.

Сәждеде шынтақтарын ашып, жерге тигізбей ұстайды. Аяқ ұшымен жер тіреп, аяқтар құбылаға бағытталады.

 Сонан соң «Аллаһу әкбар» деп басын сәждеден көтеріп тізерлеп отырады. 

11. Екі сәжде арасындағы отырыс

Отырғанда «субханаллаһ» сөзі айтылатындай қысқа уақыт кідіреді. Қолымыздың ұшы тізеге тиіп, санның үстіне қойылады.

Сол аяғын жайып, үстіне отырады. Оң аяғын тік ұстап, құбылаға бағыттайды.

Бұдан соң «Аллаһу әкбар» деп екінші мәрте сәждеге барады

Сәждеге барарда ең алдымен тізе, сосын қол, одан кейін маңдай мен мұрын жерге тиеді. Сәждеде «субхана раббиял а’ләә» (Аса Ұлық Раббымды барша кемшілік атаулыдан пәктеймін!)  деп үш мәрте тәсбих айтады.

Сәждеде шынтақтарын ашып, жерге тигізбей ұстайды. Аяқ ұшымен жер тіреп, аяқтар құбылаға бағытталады.

Сонан соң «Аллаһу әкбар» деп басын сәждеден көтеріп тізерлеп отырады. Қолдың ұшы тізеге тиіп, санның үстіне қойылады.

12. Соңғы отырыс

Сол аяғын жайып, үстіне отырады. Оң аяғын тік ұстап, құбылаға бағыттайды.

 Отырғанда кезегімен төмендегілерді оқиды:

1) Әт-тахият;

 Әт-тахият

اَلتَّحِيَّاتُ لِلَّهِ وَ الصَّلَوَاتُ وَ الطَّيِّبَاتُ* اَلسّلاَمُ عَلَيْكَ اَيُّهَا النَّبِىُّ وَ رَحْمَةُ اللَّهِ وَ بَرَكَاتُهُ* اَلسَّلاَمُ عَلَيْنَا وَ عَلىٰ عِبَادِ اللَّهِ الصَّالِحِينَ* اَشْهَدُ اَنْ لاَ اِلاَهَ اِلاَّ اللّهُ وَ اَشْهَدُ اَنَّ مُحَمَّدًا عَبْدُهُ وَ رَسُولُهُ

«Әт-тахияту лилләһи уас-салауаату уа-таййбәәт, әс-сәләәму ’аләйка әйюһән-нәбию уә рахмәтуллааһи уә бәракәтуһ, әс-сәләму ’аләйнә уа ’алә ’ибәдилләһис-саалихиин, әшһаду әл-ләә иләһә иллАллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән ’абдуһу уә расуулуһ».

Мағынасы:
 Барлық дұғалар, мадақтар, тәндік, дүниелік ғибадаттар Аллаға лайық. Уа, Пайғамбар! Саған сәлем. Әрі саған Алланың рақымы мен берекеті жаусын! (Уа, Раббымыз!) Сәлем бізге және Алланың салиқалы құлдарына болсын. Мен Алладан өзге ешқандай құдай жоқ екеніне, хазіреті Мұхаммед Алланың құлы әрі пайғамбары екеніне куәлік етемін. 

2) Аллаһумма салли;

Аллаһумма салли

اَللَّهُمَّ صَلِّ عَلىٰ مُحَمَّدٍ وَ عَلىٰ اٰلِ مُحَمَّدٍ كَمَا صَلَّيْتَ عَلىٰ اِبْرَاهَيمَ وَ عَلىٰ اٰلِ اِبْرَاهِيمَ اِنَّكَ حَمِيدٌ مَجِيدٌ

«Аллаһумма салли ‘алә Мухаммәдин уа ‘алә әәли Мухаммәд, кәмәә саллайтә ‘алә Ибраһимә уа ‘алә әәли Ибраһим, иннәкә хамидум мәжиид»

Мағынасы: Аллаһым! Ибраһимге және Ибраһимнің жанұясына салауат еткенің сияқты, хазірет Мұхаммедке және оның жанұясына салауат ет. Расында, Сен – барлық жағынан мақтауға лайықсың әрі даңқың ұлы.

3) Аллаһумма бәрик;

Аллаһумма бәрик

اَللَّهُمَّ بَارِكْ عَلىٰ مُحَمَّدٍ وَ عَلىٰ اٰلِ مُحَمَّدٍ كَمَا بَارَكْتَ عَلىٰ اِبْرَاهَيمَ وَعَلىٰ اٰلِ اِبْرَاهِيمَ اِنَّكَ حَمِيدٌ مَجِيدٌ

«Аллаһума бәрик ‘алә Мухаммадин уа ‘алә әәли  Мухаммад, кәмә бәәрактә ‘алә Ибраһима уа ‘алә әәли Ибраһим, иннәкә хамидум мәжид»

Мағынасы: Аллаһым! Ибраһимге және Ибраһимнің жанұясына берекет бергенің сияқты, хазірет Мұхаммедке және оның жанұясына да берекет бер. Расында, Сен – барлық жағынан мақтауға лайықсың әрі  даңқың ұлы.
Хазіреті Мұхаммедтің Алланың құлы әрі пайғамбары екеніне куәлік етемін.

4) Раббәнә әтинә

Раббәнә әтинә

رَبَّنَا اٰتِنَا فِى الدُّنْيَا حَسَنَةً وَفِى اْلاٰخِرَةِ حَسَنَةً وَقِنَا عَذَابَ النَّار

«Раббәнәә әәтинә фид-дүния хасанатән, уа фил-аахирати хасанатән, уа қинәә ‘азәбән-нәр»

Мағынасы: Я, Раббымыз! Бізге бұл дүниеде де жақсылық бер, ақыретте де жақсылық бер және бізді тозақ азабынан сақта!

13. Екі жаққа сәлем беру

Дұғаларын оқып болған соң «Әс-сәләәму аләйкум уа рахматуллаһ» деп, алдымен оң жақ иығына, содан соң дәл осылайша сол жағына сәлем беріп дұға жасайды. 

Екі иығына сәлем бергеннен кейін екі алақанын жайып төмендегі дұғаны оқып бет сипайды да намазын тамамдайды.

14. Намаздан кейін дұға жасау

Парыз намазы оқылғаннан кейін:

{أللهُمَّ اَنْتَ السَّلامُ وَ مِنْكَ السَّلامُ تَبارَكْتَ يا ذَالْجَلالِ وَ الاكْرَامِ}

«Аллаһумма әнтәс-сәләәму уә минкәс-сәләәм, тәбәәрактә иәә зәл-жәләәли уәл-икраам» 
Мағынасы:
Аллаһым! Сен сәлемсің. Сәлем сенен. Сен күллі нұқсандық атаулыдан пәксің. Дүние мен ақырет сәлеметі мен бейбітшілігі сенің көмегіңмен ғана болады. Нағыз қасиетті – Сенсің. Уа, құдірет пен жомарт иесі Раббым.

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) Муазға әр намаздың соңында оқы деп өсиет еткен дұғасы:

أللهُمَّ أعِنِّى عَلَى ذِكْرِكَ وَ شُكْرِكَ وَ حُسْنِ  عِبَادَتِكَ

«Аллаһумма, а’инни ‘алә зикрикә уә шукрика уә хусни ‘ибәдатик»
Мағынасы: Уа, Аллаһ тағала! Сені әрдайым еске алуымды, Саған шүкіршілік етіп, Өзіңнің талабыңа сай құлшылық етуімді нәсіп ете гөр!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтқа тіркелуіңізді немесе құпия сөзді қолданып, кіруіңізді сұраймыз.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалыққа жазылу