Қазақстанның діни интерактивті картасы

Қарағанды облысы

Қарағанды облысыҚазақстан Республикасының орталығында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1932 ж. 10 наурызда құрылған. Жер аумағы 428 мың км2. Солтүстігінде Ақмола, Павлодар, шығысында Шығыс Қазақстан, оңтүстігінде Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, батысында Ақтөбе, Қостанай облыстарымен шектеседі. Облыс 9 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік аудандарға бөлінеді. 11 қала, 39 кент, 168 ауылдық әкімшілік округі бар. Әкімшілік орталық – Қарағанды қаласы.