Қазақстанның діни интерактивті картасы

Жамбыл облысы

Жамбыл облысыҚазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарымен және Қырғызстанның Талас пен Шу облыстарымен көршілес болып табылады. Облыстың аты қазақ және кеңес ақыны Жамбыл Жабайұлының құрметіне қойылған. Жамбыл облысының территориясы Бетпақдаладан Тянь-Шаньға дейін Шудан Қаратауға дейін созылып жатыр. Жер аумағы — 144,2 мың км².

Облыста 10 аудан, облыстық мәндегі Тараз қаласы және аудандық мәндегі Қаратау, Жаңатас, Шу сияқты үш қала, 367 елді мекен бар.

Облыс орталығы, әрі ең үлкен қаласы — Тараз.