Қазақстанның діни интерактивті картасы

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысы — Қазақстанның солтүстік-батыс өңірінде орналасқан. Терістігінде — Ресей Федерациясының Орынбор облысымен, оңтүстігінде — Өзбекстан Республикасының құрамындағы Қарақалпақстанмен, батысында — Маңғыстау облысы, Атырау және Батыс Қазақстан, шығысында — Қостанай, оңтүстік-шығысында — Қызылорда облыстарымен шектесіп жатыр. Осындай үлкен аймақты алып жатқан облыс солтүстіктен оңтүстікке дейін 700 шақырым, шығыстан батысқа дейін 800 шақырым жерге созылған 300 мың шаршы шақырым аумақта орналасқан. Облыс 12 селолық, қалалық, және әкімшілік аудандарға бөлінген. Аумағында 6 қала, 2 кент бар. Әкімшілік орталығы — Ақтөбе қаласы.