Қазақстанның діни интерактивті картасы

Атырау облысы

Атырау облысы — Батыс Қазақстанда орналасқан облыс. 1938 ж. Гурьев облысы деген атымен құрылған. 1992 ж. кейін қазіргі атауға ие болған. Солтүстігінде Батыс Қазақстан облысымен, шығысында Ақтөбе облысымен, оңтүстік-шығысында Маңғыстау облысымен және батысында Ресейдің Астрахан облысымен шектеседі. Сондай-ақ оңтүстігік шекаралары Каспий теңізіне келіп тіреледі. Облыста 2 қала, 7 аудан, 11 кент, 183 ауылдық елді мекендер орналасқан.

Облыс орталығы - Атырау қаласы.