Қазақстанның діни интерактивті картасы

Алматы

Әбу Бәкір Сыддық медресесі 0112000 - Исламтану, Біліктілігі: 0112013-имам хатиб, 0112023-ислам негізінің мұғалімі бойынша мамандарын даярлайтын оқу орны.

Кәсіби білім аясында білім беру қызметін жүргізу құқығы бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігі берген № 14005314 мемлекеттік лицензиясы бар.

Медреседе оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай, оқу түрі күндізгі, ақысыз. Шәкірттер үш мезгіл тегін тамақ және жатақханамен қамтамасыз етіледі. Жоғары білімді исламтанушы, дінтанушы мамандар дәріс береді.

Оқуды тамамдаған түлектерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріліп, қызметпен қамтамасыз етіледі. 2014-2015 оқу жылының түлектері 100 % мамандығы бойынша жұмысқа орналасты.

Білімді де білікті және салауатты маман болып қалыптасуына барлық жағдайлар жасалған. Медресе жатақхана, мешіт, кітапхана, асхана, оқу сыныптары, интернет желісіне қосылған компьютер залы, спорт алаңы және басқа да материалдық базасымен толық қамтамасыз етілген.