Қазақстанның діни интерактивті картасы

Ақмола облысы

Аумағы - 146.2 мың шаршы метр немесе республика аумағының 5.4% құрайды.

Әкімшілік орталығы - Көкшетау қаласы, қаланың іргетасы 1824 жылы қаланды.

Облыс орталығының 2009 жылғы 1 сәуірдегі халық саны - 145,8 мың адам.

Облыстың құрамына облыстық маңызы бар 2 қала, яғни, Көкшетау және Степногорск қалалары, аудандық маңызы бар 8 қала (Ақкөл, Атбасар, Державинск, Ерейментау, Есіл, Макинск, Степняк және Щучье), 17 ауылдық аудан, 5 кент және 660 ауыл мен село кіреді.

Облыс Қазақстан Республикасының орталық бөлігінің солтүстігінде орналасқан. Батысында - Қостанай, солтүстігінде - Солтүстік-Қазақстан, шығысында - Павлодар және оңтүстігінде - Қарағанды облыстарымен шекаралас.

Облыс қомақты экономикалық әлеуетке және табиғи ресурстарға бай.

Болашақтағы даму алғышарттары өңірдің шикізат ресурстарын экспорттаумен ғана шектелмей, орта- және жоғары технологиялық тауарлар мен сервистік қызметтерді жеткізуші ретінде де көріну мүмкіндігімен айқындалады.

2008 жыл бойынша жалпы өңірлік өнімнің көлемі 457,5 млрд. теңгені, ал соңғы үш жылдағы орташа жылдық өсу қарқыны 39% құрады. Адам басына шаққандағы ЖІӨ 206 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 80.7% өсуімен 614,3 мың теңгені құрады.