Қазақстанның діни интерактивті картасы

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысы — республиканың солтүстік қақпасы.

Облыс 1936 жылдың 29 шілдесінде құрылды, бүгінгі шекарасы 1999 жылдың 8 сәуірінде бекітілді. Облыстың ауданы 97, 99 мың шаршы км. тең және республика аумағының 3, 6% құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы – Петропавл қаласы, 1752 жылы негізі қаланды.

Облыста 13 әкімшілік аудан бар; 5 қала – Петропавл, Булаев, Мамлют, Тайынша, Сергеев; 4 қала типтес кенттер – Смирнов, Талшық, Еңбек, Кішкенекөл.

Облыс аумағы Қазақстанның Қостанай және Ақмола облыстарымен және Ресей Федерациясының Қорған, Түмен, Омбы облыстарымен шекараласады.