Құран оқудың қасиеттері

§ Құран оқыңдар, өйткені, расында ахирет күні ол өзін оқығанға шапағатшы ретінде келеді (Муслим).

§ «Құран үйренушілер мен оны үйретушілер сендердің араларыңдағы жақсыларың болып табылады» (әл-Бухари).

§ «Кім Құран оқудың шебері болып, оны әдемілеп оқыса, ол абыройлы және бойұсынушы жазғыштармен бірге болады. Ал кім Құранды ежелеп оқып, сонысымен қиналатын болса, онда оған екі сауап бар» (Муслим).

§ «Құран оқушы мүмин - тамаша иісті және дәмді, тәтті лимон секілді. Ал Құран оқымайтын мүмин - иісі жоқ, бірақ дәмді, құрма секілді. Құран оқитын екіжүзді - хош иісті, бірақ дәмі ащы райхан секілді. Ал Құран оқымайтын екіжүзді - иісі де жоқ, дәмі де ащы колоквин секілді» (әл-Бухари, Муслим).

§ «Екі түрлі қасиеті бар адамнан басқа ешкімге қызығуға болмайды, олар: Аллаһ оған Құран білімін нәсіп етіп, оны күндіз-түні оқыған адам және Аллаһ оған байлық нәсіп етіп, ал ол оны күндіз-түні игілікке жұмсаған адам» (әл-Бухари, Муслим).

§ «Кім Құраннан бір әріп оқыса оған бір жақсы амал жазылады, ал әр бір жақсы амал үшін он сауап жазылады. Мен: Алиф, Ләм, Мим - бір әріп деп айтпаймын. Жоқ, Алиф бір әріп, Ләм бір әріп және Мим бір әріп» (ат-Тирмизи).

§ «Ішінде Құраннан еш нәрсе болмаған кісі - қираған үй секілді» (ат-Тирмизи).

Пікірлер (1)

    • мағжан
    • |
    • 16.12.2016
    Пікір модерациядан өтуде
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтқа тіркелуіңізді немесе құпия сөзді қолданып, кіруіңізді сұраймыз.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалыққа жазылу