Іс басқарушысы

Орын Ербосын Бектұрсынұлы

1980 жылы 1-маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Үшбұлақ елді мекенінде дүниеге келген.  

Білімі:
1986-1995 жылдары Қ.Өмірәлиев атындағы мектебін тәмамдаған.

1995-1997 жылдары Жамбыл облысы, Меркі ауданында орналасқан «Меркі» медресесінде білім алған.

1997-1999 жылдары ҚМДБ-ның жанындағы Ислам университетінде оқыған.

2002-2007 жылдары Отырар университетінде тарих және география мамандығы бойынша сырттай оқыған.

2004 жылы ҚМДБ-мен Түркия дін істері басқармасының келісімімен Стамбул қаласындағы «Хасеки» оқу орнында «Имамдардың білімін жетілдіру» курсын аяқтаған.

2013 жылы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде «Дінтану» мамандығын тамамдады.   

Еңбек жолы:
1999-2000 жылы аралығында Шымкент қаласындағы «Әл-Біләл» мешітінде найб имамы қызметін атқарған.

2000-2001 жылдары «әл-Біләл» мешітінде бас имам, 2001-2003 жылдары Қазығұрт ауданы, Рабат елді мекеніндегі «Нұржан баба» мешітінде бас имамы қызметтерін атқарды.

2003-2012 жыл аралығында Оңтүстік Қазақтан облыстық «Абдулхамид Қаттани» мешітінде найб имам қызметін атқарған. 

2012 жылдың 10-қарашасында Оңтүстік Қазақтан облыс имамының орынбасары және Шымкент қалалық «Абдулхамид Қаттани» мешітінің бас имамы қызметтерін атқарды. 

2013 жылдың 1 қазанынан бастап Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының іс басқарушы қызметіне тағайындалды.

Отбасылық жағдайы 3 ұл, 1 қыздың әкесі

Другие отделы ДУМКа