Білім және ғылым бөлімі

Бейсенбаев Бақтыбай Қыдырбайұлы

ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек елді мекенінде 1972 жылы 17 мамырда туылған.

Білімі:

 Дербісектегі М.П.Окороков орта мектебін бітірген.

1992-1996 жылдар аралығында Өзбекістан Республикасы. Әндіжан қаласы «Сайд Мухиддин Махдум» медресесінде тәлім алған. Сырттай, Ташкент қаласы «Имам әл-Бұхарий» атындағы Ислам институтында оқып, «Имам, және араб тілі мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.  

2008-2010 жылдарда Л.Н.Гумелев атындағы университетінде оқып, «дінтану» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистры академиялық дәрежесі берілген.

Еңбек  жолы:

1996-1997 жылдарда ОҚО, Қазғұрт ауданында, Қазығұрт мешіт-медресесінде мұғалім.

1997-1998 жылдарда Дербісек ауылындағы «Түмен ата» мешітінде имам.

1998-2003 жылдарда П.М.Окорков орта мектепте араб тілі мұғалімі.

2003-2005 жылдарда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни уағыз-насихат және оқу-ағарту бөлімінің референті.

2005-2013 жылдар аралығында Астана қаласы, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы.

Қазіргі уақытта Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Білім және ғылым бөлімінің меңгерушісі.

Үйленген, 4 ұлы бар.

Другие отделы ДУМКа