«Халал» өнімдерін стандарттау бөлімі

Мырзагелдиев Бейбіт Әліпбекұлы
«Халал өнімдерін стандарттау және қажылық» бөлімінің меңгерушісі

14.07.1980 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы «Елтай» ауылында дүниеге келген.

1998-2003 жылдары – ОҚО Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы мемлекеттік университетінің тарих факультетін тарихшы мамандығы бойынша бітірді.

2010 жылы Астана қаласы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің философия факультеті дінтану мамандығы бойынша магистрі біліктілігін алды.

2002-2005 жылдары аралығында ОҚО Шымкент қаласы Тельман елдімекеніндегі «Төленбай» мешітінің Бас имамы қызметін атқарған.

2005-2010 жылдары Астана қаласы «Нұр-Астана» орталық мешітінің наиб имамы, 2007 жылдан қосымша «Астана медресесі» діни бірлестігінің директоры орынбасары қызметін атқарды.

2007 жылы Пакистан мемлекетіндегі Дауа Академиясының екі айлық курсының тыңдаушысы болды.

2005-2010 жылдары аралығында Адам құқықтары мен заңдылықтарды сақтау жөніндегі Қазақстан Халықаралық Бюросының Астана қаласындағы филиалының мүшесі, ҚР Әділет Министрлігі Қылмыстық-Атқару Жүйесінің Астана қаласы бойынша Қоғамдық бақылау комиссиясының, ҚМДБ тарапынан құрылған уағыз-насихат тобының мүшесі болды.

2010 жылдың маусым айының 16 мен 2014 жылдың қазан айының 8 жұлдыз аралығында  ОҚО облысының өкіл имамы, Шымкент қаласындағы «А.Қаттани» мешітінің Бас имамы және «Шымкент» медресесінің директоры қызметін атқарды.

2014 жылдың 8 қазан айынан бастап Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарып келеді.

Отбасылы. Үш ұлы, екі қызы бар.

Другие отделы ДУМКа