Баспасөз бөлімі

Ағабек Қонарбайұлы Сыдықов – ҚМДБ-ның баспасөз бөлімінің меңгерушісі.

1986 жылы 6 наурызда дүниеге келген. Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін (2008), осы факультеттің магистратурасын (2010) бітірген. Бір кітапшаның («Машақат пен марапат»), бірнеше зерттеу мақалалардың авторы. Баспасөз саласына студент кезінен араласа бастады. Республикалық «Айқын» газетінде штаттан тыс тілші (2004), республикалық «Дала мен қала» газетінде штаттын тыс тілші (2005), республикалық «Жас қазақ» газетінде тілші (2006), осы басылымның бөлім редакторы (2007), жауапты хатшысы (2010), «Энерджи» радиосында жүргізуші-редактор (2011) қызметтерін атқарды.     

Жетістіктері:

«Ана тілі» мен «Халифа Алтай» халықаралық қайырымдылық қорының журналистер арасында ұйымдастырған республикалық байқаудың ІІ орын иегері (2004);

«Асыл арна» телеарнасы мен «Сат» компаниясының журналистер арасында ұйымдастырған республикалық байқаудың бас жүлдегері (2009)

«Фаттах финанс» компаниясы мен «Жас Отан» жастар қанаты «Заңғар» шығармашылық бірлестігінің журналистер арасында ұйымдастырған республикалық байқаудың жүлдегері (2011);

Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінің Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында журналистер арасында ұйымдастырған республикалық байқаудың бас жүлдегері (2011);

Баспасөз хатшысының міндеті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының күнделікті қызметіндегі елең еткізер жаңалықтар мен сан-салалы ізгі қызметтерінің бұқаралық ақпарат құралдарында насихатталуына; БАҚ-та асыл дінімізге қатысты жарияланған материалдарды сараптауға атсалысады. Сол жарияланымдардың дінімізге және діни басқарма, діндарларға қатысты бар болмысты асырып, не олқы соққан тұстары болса, ақпараттың, не деректің дұрыс берілуін қадағалайды. Бұқаралық ақпарат құралдарында діни-танымдық, уағыздық материалдардың ханафи мәзһабына сай жариялануына мүдделілік танытады, әрі сол үшін қызмет етеді. Қажеттілік туғанда діни басқарма атынан оның мүддесі тұрғысынан мәлімдеме жасайды. Діни мерекелер мен басқа да айтулы күндерге, оқиғаларға қатысты баспасөз мәслихаттарын ұйымдастырады. Телеарналар мен радиодағы «дөңгелек үстелдерге» діндарларды іріктеп қатыстырады. Діндарлардың діни-танымдық, уағыздық насихаттарын ұйымдастырады.

Другие отделы ДУМКа