Кадр бөлімі

Бекмұратов Байұзақ Орынбасарұлы
1951 жылы 3 желтоқсанда Қарақалпақстанның Мойнақ ауданында дүниеге келді.

1968 жылы Қызылорда облысы Арал қаласының № 15 қазақ орта мектебін бітірді.

1972 жылы Алматы қаласында Қазақ Мемлекеттік дене тәрбиесі институтының педагогика факультетін бітірді. 

1980-1984 жылдары Қазақтың С.М.Киров атындағы Мемлекеттік университетінің заң факультетін бітіріп, заңгер мамандығын алып шықты. 

Еңбек жолын Қызылорда қалалық оқу-ағарту бөлімінде жаттықтырушы болып бастады. Осы қаладағы № 140 орта мектебінде ұстаздық етті.

1973-1974 жылдары Арал қаласының № 15 мектебінде мұғалім болды. 1975 жылы Венгрия жерінде әскери борышын өтеді. 

1976-1977 жылдары Арал аудандық ішкі істер бөлімінде милиционер болды.
1977-1982 жылдары Алматы қалалық Ішкі істер Басқармасының қабылдап-бөлуші мекемесінде инспектор болды. 

1982-1985 жылдары осы басқарманың штаб инспекторы, қоғамдық тәртіпті сақтау бөлімінің аға инспекторы болды.

1985-1988 жылдары Қазақ ССР Ішкі Істер Министрлігі Инспекциясының аға инспекторы, қоғамдық тәртіпті сақтау басқармасының инспекторы, 1988-2000 жылдары Алматы облыстық Ішкі Істер Басқармасының штаб қызметінде аға инспектордан бастап Штаб бастығының орынбасары қызметтерінде болды. Полиция полковнигі.

2000 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Іс басқармасында заңгер, кадрлар бөлімінің меңгерушісі. Діни басқарманың тексеру комиссиясының төрағасы және сараптау комиссиясының мүшесі.

2002 жылы Алматы Ислам университеті жанындағы 2 жылдық діни сауат ашу курсын, 2004 жылы Халықаралық қазақ-араб «Руханият» университетін сырттай оқып бітірді. Қазір Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің аспирантурасында ізденуші.

2004 жылы  Алла алдындағы бесінші парыз – қажылықты өтеу мақсатында қасиетті Мекке, Мадина қалаларына зиярат сапармен барды.

Другие отделы ДУМКа