Жалпы және жастар ісі бөлімі

 


Алтынбек Ұтысханұлы

1980 жылы қыркүйек айының 18 күні Монголия мемлекетінің Баян Өлгии аймағында дүниеге келді.

1993 жылы атамекені Қазақстанға оралған.

Ақмола облысы Ақкөл ауданы Қына елді мекенінде орта мектепті бітірген. 1993-1996 жылдар аралығында Ақмола облысы, Сілеті ауданындағы мешіттің жанынан ашылған медреседе діни сауат ашу курсында дәріс алған.

1996-2001 жылдар аралығында Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Искра елді мекеніндегі мешітте имамдық қызмет атқарған.

2001-2005 жылдар аралығында Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2005-2009 жылдар аралығында Мысыр мемлекетіндегі «Араб тілі орталығында» және «Мағһад али лиддирасатил исламииә» деп аталатын оқу орнында магистрлік бойынша дәріс алған.

2009 жылы елге оралып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Уағыз-насихат бөлімінің маманы болып жұмыс істеген.

2011-2012 жылдар аралығында Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісінің міндетін атқарушы болып қызмет атқарды.

2013 жылы Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша магистрлік дессертация қорғаған.

2013 жылдан бері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Діни басқармада жаңа ашылған Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Үйленген, үш баланың әкесі.

Другие отделы ДУМКа