ҚМДБ наиб мүфтиі

 

 

 

 

 

 

 

Серікбай Сатыбалдыұлы Ораз

 1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.

 

Білімі:

1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған.

1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.

1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай  бітірген.

2012-2014 жылдары «Нұр Мүбарак» Ислам мәдениеті университетінде «Дінтану» мамандығын тәмамдаған.

2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің «Менеджмент» мамандығы бойынша магистратурасын бітіріп, экономика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алған.

2014-2016 жылдары «Нұр Мүбарак» Ислам мәдениеті университетінде «Исламтану» мамандығы бойынша магистр академиялық дәрежесін алған.

Еңбек  жолы:

Алматы мешітінің  наиб имамы;

Ислам институтының ұстазы;

Ислам институтының  ректоры;

Астана қаласы Ақмола облысының өкіл имамы;

ҚМДБ-төрағасының орынбасары, наиб мүфти;

Алматы әкімшілігінің діни бөлімінің сектор меңгерушісі;

ОҚО. Сарыағаш ауданының Бас имамы;

Мемлекеттік қызмет агенттігінің аға қызметкері;

Астана қаласы Әділет департаменті діни істер бөлімінің бас маманы;

ҚР Президенті іс басқармасының Әкімшілік ғимараттар дирекциясының директоры болып жұмыс істеді.

1999-2001 жылдары ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі болды.

2011-2013 жылдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысының өкіл имамы қызметін атқарды.

2013 жылы ҚМДБ-ның төраға орынбасары, Наиб мүфти болып тағайындалды.

2013 жылдың қазан айында «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы және ҚМДБ-ның төраға орынбасары, Наиб мүфти болып қызмет атқаруда.

Жетістіктері мен марапаттары:

1997 жылы Орта Азия және Кавказ елдері арасында өткен Кувейт Мемлекетінің Әмірі Сабах әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах атындағы Құран жарысының Бас жүлдегері.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалінің иегері.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалінің иегері.

Еңбектері:

«Тәпсір тұнығы» 28-29-30 пара, «Рамазан – кешірім айы» кітаптарының авторы мен жоба жетекшісі.

Бірнеше рухани-танымдық мақалалар мен аудио және видео уағыздардың авторы.

 

Жанұялы 7 баласы бар.


 

Другие отделы ДУМКа