Қажылық

Қажылық (араб.: حَجّ ) - ислам дiнi бес негiзiнiң соңғысы. Қажылық, хаж жасау – мұсылманның бес парызының бірі. Шариғат бойынша кәмелетке толған, ақыл-есі дұрыс, денсаулығы жақсы, дәулеті жетерлік, өзгеге қарызы жоқ мұсылман ғана І парызын өтей алады. Оның парыздығы қасиеттi Құранда: «Алла үшiн Қағбаны адамдарға қажылық ету парыз» («Әли-Имран» сүресi, 97 аят), - деп ұқтырылса, хадис шарифте: «Ислам бес негiзге құрылған: Алла Тағаладан басқа тәңiр жоқ және Мұхаммед оның елшiсi деп куәлiк ету. Намаз оқу. Зекет беру. Рамазан айында толық ораза ұстау. Байтуллаға қажылыққа бару», - делiнген.

Шариғат кiтаптарында:«Бас бостандығы бар, балиғат жасына жеткен, ақыл-есi дұрыс, денi-басы сау адамға қажылыққа бару парыз делiне отырып, қажыға баратын жол қауiп-қатерсiз, оған азық-түлiгi, көлiгi немесе көлiк жалдауға қаражаты болуы керек екендiгi және үлкен сапарға аттанған кiсiнiң үйiнде қалған отбасы тарығып қалмайтындай нәпақамен қамтамасыз етiлуi де шарт», - деп көрсетiлген.

Қажылық сөздiкте - «қасиеттi жерге баруды ниет ету» дегендi бiлдiрсе, шариғатта - арнайы уақытта яғни қасиеттi рамазан айынан кейiнгi айдан бастап зүлхижжа айының 10-12 күндерiне дейiн арнайы мекенде яғни Сауд Арабиясының Мекке қаласында табылып, арнайы бекiтiлген ихрамға кiру, Кағбаны жетi айналып тәу ету, Сафа мен Маруа арасында сағий жасау, Арафада тұру, Мұздалифада түнеу, шайтанға тас ату сияқты амалдарды орындау деп түсiну ләзiм.

 

Тарихы

Қазақ даласына сапар сегізінші ғасырдан бастау алады. Бұл Араб Халифатының қазақ даласына ықпал етуімен байланысты. Ислам дінінің қазақ жеріне енуіне 751 жылы Тараз қаласының маңында болған Атлах шайқасының мәні зор. Себебі бұл ұрыста араб әскері мен Қытайдың Тан династиясының қалың қолы кездесті. Қарлұқ пен Түркеш мемлекеттері араб әскерімен қосылып, қытай әскерін ойсырата жеңді. ХІХ - ХХ ғасырлардың бсында қажылық парыз өтеу қиындық соқтырды. Біріншіден, сапардың қымбатқа соғуы, екіншіден, ХІХ ғ. екінші жартысында патша әкімшілігінің ислам дініне деген саясатының өзгеруі және қазақ халқын орыстандыру, ассимиляциялау мақсатына қарай бет бұрғызды. Үшінші кедергі қажылыққа с апардың нақты ұйымдастырылмағандығы және алаяқтардың көбейіп кетуі. Бүгінде ХІХ ғасырда қажылыққа барғандардың санын нақты айту қиын. Себебі мұрағатта мәліметтер жазылмаған, десекте те қажылыққа барғандардың саны жылдан-жылға өскендігі белгілі. Лыкошиннің "Меккедегі қажылық статистикасы" атты мақаласында: "Қажылыққа баратындардың саны тұрақсыз болып келеді, бірақ өткен жылы Шымкент уезі бойынша қажылыққа барған адамдардың саны күрт өзгерді.

Қасиетті орындар

  • Құтты мекен Меккенің қасиеті

    Мекке – Жаратқанға құлшылық ету үшін ең алғашқы мешіт тұрғызылған қала. Әл-Харамның жер бетіндегі бірінші мешіт екендігі жайлы Құран Кәрімде: «Ақиқатында, адамдарға ең алғаш салынған – Бәккедегі үй.