ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ХИЖАБ ТУРАЛЫ ҰСТАНЫМЫ

ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ХИЖАБ ТУРАЛЫ ҰСТАНЫМЫ

Хижаб – орамал, мұсылман әйелінің ар-намысын қорғайтын жаулығы. Ислам діні мұсылман ер мен әйелдерге әуретін жауып, шариғат әдебі бойынша киінуді бұйырған. Үйден тыс, қоғамдық орындарда ұзын етек-жеңді киім кию – мұсылман әйелдің ары мен абыройын сақтайды. Құран және Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) хадисі мен мұсылман ғұламаларының бірегей пікірі бойынша, мұсылман әйеліне орамал тағу – парыз.  

Қасиетті Құранда Алла Тағала: «Уа, Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және иман келтіргендердің әйелдеріне айт: үстеріне жамылғыларын түсірсін...» («Ахзап» сүресі, 59-аят) деп бұйырған.     

Аятта киімнің түсі немесе үлгісі анық айтылмаған. Сондықтан әр ұлт, әр мәдениет өкілдері Алланың әмірін өз ұстанымдары, тарихи таным-түсініктері бойынша орындайды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі мұсылман қыз-келіншектер мен әйелдерді киім кию үлгісінде қазақ халқының салт-дәстүрлерін сақтай отырып, жинақы киінуге кеңес береді. Көзге ерсі көрінетін, дене бітімін айқындайтын, қара түсті киім-кешектерді пайдаланбаған дұрыс. Ал паранжа (ниқаб) кию – дәстүрлі дінімізге, салтымызға қайшы, бұл діні мен дәстүріне берік болған ата-бабларымыздың жолы емес. Екіншіден, мұсылман жамағаты мен ата-аналарды хижаб мәселесінде қоғамдық келіспеушіліктерге, оқу орындарында әркез кездесетін түсінбеушіліктерге сабырлық сақтауға шақырамыз. Бұл мәселені ушықтыру дұрыс емес.

Үшіншіден, мектеп табалдырығын енді ғана аттаған қыз балаға, яғни балиғат жасына толмаған қызға жаулық жабу немесе орамал тағу – міндетті емес. Мұндай әрекетке бармас бұрын ата-аналардың байсалды, ұстамды болуларын, ыждаһаттылық танытуларын сұраймыз. Мүмкіндігінше мектеп басшыларымен ортақ мәмілеге келулеріне, қыз баланың толыққанды зайырлы білім алуына назар аударуға кеңес береміз. Білімсіздік – бүлікке бастайтынын ұмытпайық. Алла Тағала қалаған құлына кез-келген тығырықтан шығу жолын үйретеді.                         

Қазақстан мұсылмандары өзі өмір сүріп отырған қоғамнан бөлініп, бөлек тіршілік етпейді. Ата Заңымыз қоғамдық қатынастарды реттейді және азаматтардың бостандығы мен діни сенімдеріне еркіндік береді. Мұсылмандар да Алланың әмірі бойынша заңды сақтайды және оған құрметпен қарауы тиіс.

 

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі

www.fatua.kz

Пікірлер (11)

    • Маханбетова Жұлдызай
    • |
    • 25.07.2016

    Ассаляму алейкум. Орамал тағу әйел адамға парыз етілген, жұмыс барысында орамал тағып жүруіме рұқсат болмай отыр. Дін басындағы аға-апкелерімізден осы істің оң шешіліп, намаз оқып, мемлекетке қызмет жасап жүрген барша қыз-келіншектердің орамал тағуына көмектесулеріңізді сұраймын!

    • Дулат
    • |
    • 15.10.2015

    Бұл фатуа ма сонда. Бұндай фатуа неге сүейеніп шығарылды екен. Кейбір ислам ғұламалары тіпті намазда әйел адамның табанына дейін жабық болуы қажет деген. Ал бір ғалымдар никабтың қоғамның деңгейіне қарай қажет екені туралы айтқан.
    Бір хадисте Пайғамбарымыздан (с.а.у.) бір әйел сұраған екен киімі тобықтан төмен болған тозақта деген хадисіңізге қалай амал істейміз, тобықтарымыз ашылып қалады ғой дегенде, ол (с.а.у.) бір шынтаққа дейін ұзындықта болсын деген екен. Әйел, - онда жүру қиын болады ғой дегенде, Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір алақандай ұзындықта болсын деп айтқаны туралы бір хадис оқыдым.

    • Ali
    • |
    • 05.04.2016

    Nakti aitpaima. Osindai fatualar tiin da turmasa kerek.

    • Оралбайұлы Нұрлан
    • |
    • 01.09.2016

    Дұрыс, барлық жерде сабырлық керек. Діни басқарма айтылғандай жол ұстанатын болсақ Иашаалаһ бәрі де оң шешімін табады.

    • Дина
    • |
    • 03.09.2016

    Балиғат жасына келгендер киюі керек қой. Қазір хиджаб емес, тіпті орамал таққан қыздарды оқудан шығарып, көшеде де түрлі қорлық көрсетіп, орамалын шешкізіп жатыр. Сонда ҚМДБ заңға еш өзгеріс енгізіп, мемлекетке ешқандай əсер ете алмағаны ма?

    • Мөлдір
    • |
    • 27.09.2016

    Дини баскарманыки дұрыс, ар исте сабырлылық керек. Кишкентай кыз баласына орамал кигизбесе де бооатын шығар. Бирак 13-14 жасқа келген кыздарды ата бабаларымыз орамалын таккызган, орамал емес типті жаулық таккызган. Сондықтан дини басқарма Билим министрлигине бастауыш сынып емес, улкен сынып 5 ши класстан жогаргылар ушин орамал такса бооады деген усыныс жасаса Жаксы болушы еди.

    • муслима мухсина
    • |
    • 04.11.2016

    《Адамдарға алдамшы бір замандар келеді. Ол кезде өтірікшінің сөзі расталады, шыншыл адам өтірікшіге шығарылады. Қиянатшылға аманат тапсырылады, ал нағыз аманатшылға қиянатшыл делінеді. Сол кезде "Руайбида" сөйлейді》деген.
    Сахабалар: 《 Я, АЛЛАның елшісі "Руайбида" деген не?》 - деп сұрады. Ол кісі: 《Түкке тұрмайтын біреулер үлкен ұлы істерде сөйлейді 》, - деді.

    • Амантай
    • |
    • 17.11.2016

    Қыз балаға орамал таққызбаған елдің болашағы жоқ.

    • Бота Суйімбек
    • |
    • 16.12.2016

    Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатуһ
    Хиджаб ол парыз әрбір мұсылман қызына.

    • Бауыржан
    • |
    • 19.10.2016

    Ассаламу алейкум. Балиғат жасқа келгенде қайтпекпіз?!

    • Руслан
    • |
    • 14.03.2016

    Ассаламу алейкум. Мен оте кишкентай жас қыз баласы болса тусінем, бірақ 9, 11 сынып оқушылары аурет жерін жабу керек қой. оған не дейсіздер

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтқа тіркелуіңізді немесе құпия сөзді қолданып, кіруіңізді сұраймыз.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалыққа жазылу