Кітаптар

  • Тәлімгер тағылымы

    18.12.13

    Еңбекте ілімнің пайдасы, ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынас, білім алудың ерекшеліктері жайлы, сондай-ақ ілім үйренуге талапты шәкірттерге керекті өте құнды ақыл-кеңестер жинақталған.

  • Талас-тартыстар (Ихтиләфтар)

    18.12.13

    Осы бір өзекті мәселені қозғаған бұл кітапты оқыған діндес бауырлар пайдалы сабақ алып, фитнаға жол ашатын кез келген нәрседен бойларын аулақ салады деп үміт етеміз.

  • Құран оқып - үйренейік!

    18.12.13

    Кітапта араб әліппесіне сауат ашумен қатар, қасиетті Құран Кәрімді өз мәнері мен нақышына сай дұрыс оқып-үйренудің қағидалары толықтай қамтылған.

  • Мәзһаб ұстану – ынтымағымыздың кепілі

    18.12.13

    Бұл кітапшада мәзһаб ұстанудың қажеттілігі мен артықшылықтары жан-жақты түсіндіріледі. Кітапша жалпы мұсылман қауымға арналады.

  • Имани гүл

    18.12.13

    Исламтанушы Қайрат Жолдыбайұлының бұдан бұрын бірнеше рет басылған «Ақиқат шуағы» және «Күдікпен күрес» атты кітаптары біріктіріліп, қайта өңделіп, «Имани гүл» деген жаңа атпен жарыққа шығып отыр.

  • Иман негіздері

    18.12.13

    Кітапта діннің танымына, таухид сеніміне, ақиданың маңыздылығына, күпірліктің түрлері секілді т.б. маңызды тақырыптарға тоқталумен қатар, Ислам дініндегі алты иман негіздеріне: Аллаһқа, періштелерге, қасиетті кітаптарға, пайғамбарларға, о дүниенің бар екендігіне, тағдырдағ жақсы-жаманды істің бір Аллаһтан екендігіне деген сенім мол айғақтармен жан-жақты түсіндірілген.

  • Ислам ғылымхалы

    18.12.13

    Бұл еңбекте Ислам дініндегі «намаз, ораза, зекет, қажылық, құрбандық» секілді ғибадат негіздері ханафи мәзһабы бойынша кеңінен түсіндіріліп, сан алуан көкейкесті сұрақтарға ғылыми тұрғыдан жауап беріледі.

  • Хадис – ғұрпымыз, сүннет – салтымыз

    18.12.13

    Қолдарыңыздағы кітап хадис пен сүннеттің дініміздегі орны мен қазақ халқының дүниетанымындағы, тұрмыс-тіршілігіндегі, рухани құндылықтары мен көркем мәтіндеріндегі мән-маңызын саралайды.