Мақалалар

  • БАС МҮФТИ: КЕЛІСІМ ҚАЙДА – КЕЛЕШЕК СОНДА

    Ислам – бейбітшілік пен амандық кепілі. Ислам шариғаты адамзаттың бүгіні және болашағы қарсы алдында шығатын барлық мәселелердің гумандық шешімі бар. Исламда зорлық-зомбылық атымен жоқ. Әділеттілік пен теңдік Исламның негізгі қағидаты.

  • Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ, Бас мүфти: ҒАЛАМТОР ҰСТАЗДЫҢ ОРНЫН БАСА АЛМАЙДЫ...

    Бүгінде алысты жақындатып, жақыныңды алыстатқан ғаламторға қатысты сұрақ та, мәселе де көп. Біреулер үшін бұл жаңа танымдық мүмкіндіктер есігі, екіншісіне күнкөріс көзі, ал басқаға алтын уақытын жоғалтатын ысырап «мекені».

  • БАС МҮФТИ: НЫҒМЕТ АТАУЛЫНЫҢ ЕҢ АБЗАЛЫ – САЛИҚАЛЫ ӘЙЕЛ

    Асыл дініміз Исламда әйелге айрықша мәртебе берілген. Имандылық, ізеттілік, қайырымдылық, жанашырлық жолын ұстанған халқымыз қыз-келіншекті құрметтеудің үлгісін көрсеткен. Қызды құрметтеуге келгенде оны тіпті төрге шығарған, ал тәрбиесіне келгенде қызды қырық үйден тыйған.

  • ҚАСИЕТТІ МӘДИНА ҚАЛАСЫ – ИСЛАМНЫҢ КҮМБЕЗІ

    Ислам дінінде Мәдина қаласының орны айрықша. Мәдина – қасиетті қос қаланың бірі. Пайғамбарлар атасы Ибраһим (ғ.с.) Мекке шаһарын берекелі етуді Алладан сұраған. Ал Мұхаммед пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) Мәдина қаласын киелі еткен.

  • Бізде айтты тойлаудың өзіндік мәдениеті қалыптасқан

    12 қыркүйек – Құрбан айттың бірінші күні. Бұл – күллі мұсылман қауымының асыға күткен қасиетті, айтулы мерекесі. Осындай ұлық мереке қарсаңында, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлымен сұхбаттасқан едік.

  • Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ: Дін мен дәстүр – халқымыздың рухани иммунитеті

    Халқымыздың ардақты ұл­дары­ның бірі Әлихан Бөкейхан: «Бұ заманның ғалымдары тарих ең оңды мұғалім деп түсінеді.

  • Бас мүфти: «ДІН ЖӘНЕ ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ» ЖЫЛЫ: ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫН ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

    Бүгінде жылдам ақпарат алмасу үрдісі, оны жедел тарату процесі уақыт өткен сайын көз алдымызда дамып жатыр. Жаңалықтың жаһандық үрдісінен шет қала алмасымыз тағы анық. Десе де, рухани, мәдени медиа кеңістігімізді дініміз бен дәстүріміздің, салтымыз бен ғұрпымыздың, тағылымға толы тарихи құндылықтармен толтыру – Сіз бен біздің бүгінгі борышымыз деп есептейміз.

  • Бас мүфти: БІРЛІККЕ ҰЙЫҒАН ЕЛГЕ БЕРЕКЕ ҰЯЛАЙДЫ

    Адамзат баласы қауымдасып, бір мекенге топтасып өмір сүруге бейім жаратылған. Топтасып өмір сүрудің де өзіндік хикметі бар. Егер қайсыбір қауымның өмір тіршілігінде бірлік, ынтымақ, имандылық, өзара келісім, ортақ түсінік, т.б. құндылықтар басты орынға қойылса, сол халықтың берекесі артып, ғибратты ғұмыр кешеді.