Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ - Таным тұғыры

Кітаптың ерекшелегі сол, тілі жатық әрі сенімге селкеу түсіретін сауалдарға нақты жауап жазылған. Ол сүннет жолын ұстанған үмбеттің санасында таcқа басылғандай таңбаланған таным тұғырларын талдап, тұғырлап берген бірегей дүние. Қаншама ғасырлар өтсе де алға қарай ұласуынан жаңылмайтын ұстынды ұстанымдар қазіргі ұрпаққа алдыңғы толқыннан жеткен аманат. Пайғамбарлардан қалған өсиеттердің өзектері.

Ендеше намаздың алдында тұратын иман парызының негіздерін нығырлап, мұсылманның ғұмырлық кредосын нақтылап беретін еңбектің игілігін исі мүміннің бәрі көрсе игі, сол арқылы ұмытылған құндылықтарын құнттап, ұлықтай білсе игі. Сонда ғана санада сарсыған талай саулдардың, шайтанның шатастыруынан шыққан шүбә-шәктердің шешімі оп-оңай табылары хақ.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтқа тіркелуіңізді немесе құпия сөзді қолданып, кіруіңізді сұраймыз.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалыққа жазылу